Жаңалықтар

Сот төрағасы студенттерге келді

Облыстық соттың төрағасы Бектас Бекназаров Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің заң факультеті студенттерімен кездесті. Аталмыш оқу орнының тарихында алғаш рет облыстық сот төрағасымен өткен бұл кездесуге оқытушылар қауымы мен 100-ге жуық студент жиналды.

Облыс соттары жүзеге асырылған шаралар туралы есеп, 2010 жылдан бастап орын алған заңнама өзгерістері, үш буынды сот жүйесінің енгізілуі, алқабилер соты қызметінің нәтижелері, республика бойынша тек қана Ақтөбе облысында енгізілген электрондық бақылау өндірісі мен бейнебақылау жүйелерінің аяқ алысы туралы сұрақтарға бір жарым сағат көлеміндегі уақыт бойы жауап берген сот төрағасы бүгінгі күні студент, ертеңгі күні маман болатын жастарды тыңғылықты білім алып, өзін-өзі жауапты қызметке даярлауға шақырды.

«Биылғы жылы облыс соттарына тағайындалған жас судьялардың 5-уі де Ақтөбе облысында туып-өскен азаматтар. Жоғарғы заң білімін алып, сот отырысының хатшысы, сот орындаушысы болып қызмет етіп, тәжірибе жинап, енді, міне, судьялыққа тағайындалған олар, кезінде сіздер сияқты студент болған. Сондықтан да сіздер қазіргі күні ата-ананың арқасында білім алып отырғандарыңызды ұмытпай, болашақта өз нанын тауып жейтіндей маман болуға ұмтылыңыздар. Ал сот жүйесі өз тарапынан сіздерге толық қолдау көрсетеді», —  деген Б. Бекназаровқа студенттер қауымы өз алғысын айтты.

Студент жастармен, соның ішінде болашақ заңгерлермен кездесулер өткізу облыстық сот басшылығы жүргізіп отырған кадрлық саясат шеңберінде қарастырылған шаралардың бірі.

Нұрлан КҮНТУОВ,

облыстық соттың

баспасөз қызметінің жетекшісі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button