ЖаңалықтарСпорт

Қос газеттің жүлдесі үшін тоғызқұмалақшылар тартысы өтті

Ақтөбе қаласындағы облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі ғимаратында «Шамшырақ-Ақтөбе» ЖШС-не қарасты облыстық «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінің жүлдесі үшін тоғызқұмалақтан облыстық турнир өтті.

Биыл 19-шы рет ұйымдастырылған жарысқа облыс орталығы мен аудандардан 10-18 жас аралығындағы 110 қыз-жігіт қатысып, екі күн бойы өз ішінде ең мықтыны анықтауға тырысты.

Ұлттық спортты ұлықтап, оны дамытуға үлес қосуды мақсат еткен сайыстың бас төрешісі, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Қабидолла Нұршиннің айтуынша, 7 кезеңнен тұратын тоғызқұмалақшылар тартысына жыл өткен сайын қызығушылық танытушылардың қарасы қалың. Сондықтан болар, бұл жолы дәстүрлі дода ерекше тартысты өтіп, жас тоғызқұмалақшылардың қайсысының жеңімпаз атанатынын болжаудың өзі қиын болған.

Облыстық чемпионаттың қорытындысы бойынша он жастағы ұл-қыздар арасында Бейбарыс Нұрғазин мен Балнұр Тілегеноваға  тең келер ешкім болмады. 12 жастағы ойыншылардан Алмас Тілегенов пен Жансая Ақылбекқызы алдына жан салған жоқ. 14 жастағы қатысушылардан Сәулет Әйтенов, Даяна Мамышева қарсыластарынан озды. Ал 18 жастағылардан Арман Бекет пен  Мөлдір Серікқызы жеңімпаз атанды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді облыстық «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінің атынан марапатталып, дипломдар мен медальдар сондай-ақ, сыйлықтар табысталды.

Өз тілшіміз.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button