БілімЖаңалықтар

Ағымдағы жылғы 10 наурыздан бастап барлық 165 ҰБТӨП-те ҰБТ-ға қатысу үшін өтініштер қабылдау жүзеге асырылуда

Орталық коммуникациялар қызметіндеҚР Білім және ғылым министрлігінің вице-министрі Эльмира СУХАНБЕРДИЕВАНЫҢ қатысуымен «2017 жылғы Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізуге дайындық барысы» туралы баспасөз конференция өтті.

Шараға баспасөз конференцияның жұмысына  ҚР Білім және ғылым министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті директоры Дархан АХМЕД-ЗАКІ, департаменті директорының орынбасары Зейнеп МАҚСҰТОВА жәнеҚР Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тесттілеу орталығының директоры Рамазан ӘЛІМҚҰЛОВ қатысты.

ҰБТ-ның жаңа форматы түрлі мемлекеттердегі емтихандарды өткізу бойынша халықаралық тәжірибелерді талдау нәтижесінде әзірленді. ЖОО-ға түсу емтиханы мен бітіру емтихандары бөлек өткізілетін мемлекеттердің тәжірибесін қарастырамыз. Бұл мемлекеттердің қатарына Жапония, Израиль, АҚШ жатады. ҰБТ тестерінің мазмұны оқу қабілетін, логикалық ойлаудың деңгейін, базалық құзыретін, яғни функционалдық сауаттылықты анықтауға көзделген.

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының 2016 жылығы 7 мамырдағы № 31-38.24 бұйрығына сәйкес ҰБТ қорытындысы бойынша мектептер рейтингі жүргізілмейді, нәтижелері білім беру мониторингі шеңберінде қолданылуы мүмкін.

2016 жылдың қазан айынан бастап ҰБТ жаңа форматы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары толық көлемде өткізілуде. Медиа-жоспар әзірленген. Мектеп бітірушілердің, сынып жетекшілердің, мұғалімдердің, білім басқармалары әдіскерлерінің, ата-аналар қауымының, БАҚ және жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің қатысуымен 53-тен астам кездесулер мен дөңгелек үстелдер өткізілді.

Министрлікпен апта сайын селекторлық тәртіпте білім басқармаларының жетекшілерімен диалог жүргізіледі, ата-аналар мен қаланың мектеп бітірушілерімен кездесулер өткізіледі.

Сондай-ақ, ҰБТ-ның жаңа форматы бойынша брифингтер өткізілді, БАҚ баспасөз қызметінде және телевидениеде түсіндірме беріледі.

Тест тапсырмаларына үш рет сараптама жүргізілді. Барлық тапсырмалар тестология талаптарына сәйкестігіне тексерілді және ҰТО-ның базасына қабылданды. «Егемен Қазақстан» газетінде апта сайын тест үлгілері жариялануда. ҰТО сайтында әдістемелік нұсқаулықтармен қатар тест тапсырмалары қосымша жарияланған.

ҰБТ ұйымдастыру және өткізу бойынша бірқатар мәселелер мен қауіптер туындауда, соның ішінде:

Біріншіден, кейбір бітірушілер мен олардың ата-аналарының ойынша ҰБТ мен қорытынды аттестаттауды тапсыру екі есе жүктеме болып табылады,себебі ҰБТ-мен қатар қорытынды аттестаттауға да дайындалу қажет;

Екіншіден, тест тапсырмаларының сараптамасы мен олардың апробациясы Ұлттық тестілеу орталығымен бірнеше рет өткізілуіне қарамастан, қате сұрақтардың болуы күмән тудырады;

Үшіншіден, бітірушілердің қатысуын ұйымдастыру, әсіресе шалғай елді-мекендерден келген мектеп түлектерінің қауіпсіздігін, тестілеу кезіндегі психологиялық қолдаудың көрсетілуін, сондай-ақ оларды тамақтандыру және орналастыруды қамтамасыз ету;

Төртіншіден, 4 мамырдағы мәлімет бойынша ҰБТ-ға қатысуға бітірушілердің 71% өтініш білдірді. 10 мамырда өтініштерді қабылдау мерзімі аяқталады.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button