Жаңалықтар

Француз қызы «Дайдидауды» қазақша шырқады! (Видео)

Димаш Құдайберген аз ғана уақыттың ішінде күллі әлем жұртшылығының сүйікті әншісіне айналды. Ол орындаған «Дайдидау» әнін бұрын қытайлар қосыла айтса, енді француздар да сұлу сазға ұйып, сөзін жаттауға кіріскен.  Францияның Реньон аралында тұратын Кларис есімді бойжеткен аталған әнді қазақша шырқап, Димашқа сәлем жолдады.

https://www.youtube.com/watch?v=vcRec-7jX0Q

Ол өз сөзінде Димаштың талантына ерекше тәнті екенін, ал дәл  «Дайдидауды» шырқау  себебі, оның әншінің ең сүйікті әні екендігін сезінгендіктен екенін айтады.

Аллаға шүкір! Димашымыз аман болса, қазақтың әнін күллі әлем шырқайтын күн туады әлі!

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button