ЖаңалықтарТәуелсіздіктің 25 жылдығы

73 ақтөбеліктің өңіріне медаль тағылды

«Қоныс» спорт сарайында ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арналған салтанатты шара өтті.

Мерекелік шара Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұранымен басталды. Жиынға Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов, мемлекеттік мекемелердің басшылары, облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, қаланың қоғамдық кеңес мүшелері мен Құрметті азаматтары, соғыс және еңбек ардагерлері қатысты.

Шаһар басшысы Ілияс Испанов жиналғандарды әрбір қазақстандық үшін маңызды осынау атаулы күнмен шын жүректен құттықтап, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен елдің жеткен биік жетістіктерін атап өтті. Бұдан кейін «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне — 25 жыл» мерейтойлық медальдары мен Алғыс хаттарды табыстады.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тұрақтануына, Тәуелсіздіктің нығаюына және әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлестері үшін 73 ақтөбелікке мерекелік медальдар берілді. Олардың қатарында тарих ғылымының кандидаты Дәулет Әбенов, еңбек ардагері Айша Базарбаева, қалалық мәслихат депутаты Алмагүл Бекенова, «Лучее Решение» ЖШС директоры Алмас Елеуов, Ақтөбе ауылшаруашылық колледжінің директоры Амангелді Есіркепов, гір спортынан Ақтөбе облысының аға жаттықтырушысы Мұрат Жұмағалиұлы, басқа да азаматтар бар.

Сонымен қатар қала әкімі «Бірлік» шаруа қожалығының басшысы Сағынтай Құсайыновқа «Ақтөбе қаласының Құрметті азаматы» куәлігін табыстады.

Ақтөбе олысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың Алғыс хаттарымен «Нектар» ӨК ұжымы және №1 құрылыс учаскесінің басшысы С.Белый марапатталды.

Қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлестері үшін Қоғамдық Кеңес мүшесі Жұмабек Қоқанов, «Нектар» ӨК, «Элитстройсервис», «Интерстиль» ЖШС ұжымдары, №2 құрылыс учаскесінің басшысы В.Афанасьев және басқа да компания басшылары қала әкімінің Алғыс хаттарын иеленді.

Сондай-ақ әлеуметтік жобаларға белсенді қатысқаны үшін 20 кәсіпкерге облыс әкімінің орынбасары Асқар Шерияздановтың атынан Алғыс хаттар табысталды.

— Бүгін мен ерекше мақтанышпен, қуанышпен ояндым. Себебі еліміз егемендігін алып, бейбіт аспан астында бақытты ғұмыр кешуде. 40 жылдан астам уақыттағы еңбегімді елеп, құрмет көрсетіп жатқан облыс әкімдігіне ризашылығымды білдіремін, — деді марапат иелерінің бірі, «Кездесу» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Мүслима Абдрахманова.

Мерекелік шара қаланың шығармашылық ұжымдары әзірлеген мерекелік концертке жалғасты.

 

                                                                                                          Ақбота ҚАЛДЫБЕК.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button