ЖаңалықтарЭкономика

Кәсіпорындарда жергілікті үлесті арттыруға көңіл бөлінуі тиіс

Жергілікті үлестің өзекті мәселелеріне қатысты отырыс өңір басшысы Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен өтті.

Биылғы бірінші жартыжылдық бойынша облыс аумағында қызмет ететін кәсіпорындар сатып алатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтердегі жергілікті үлестің азая түскені белгілі болды деп хабарлады осы жиын нәтижесі бойынша «Ақтөбе ақпарат» орталығы.

Жергілікті билік осы жайтты реттеу үшін тиімді шараларды қолға алып келеді. Мәселен, жеке компаниялардың жергілікті тауарларды сатып алуын ынталандыру үшін облыс кәсіпорындарына баспасөз туры ұйымдастырылып, нәтижесінде бірнеше келісімшартқа қол қойылды. Өңірдегі ірі кәсіпорындардың бірі «Ақтөбе хром қосындылары зауыты» АҚ жергілікті компаниялар өндіретін темірбетон өнімдерін пайдалана бастаған. Мұндай мысалдар ондап саналады.

Жалпы, импорт алмастыру жұмыстары өңірдегі барлық компанияларда жүріп жатыр.

Осы мақсаттарда өзге өңірлер мен елдерден сатып алынатын тауарларға талдау жасалды. Ол қазіргі уақытта облыста жаңа өндірістер немесе қызмет етіп жатқан кәсіпорындарда жаңа тауар түрлерін шығаруды анықтау мақсатында қолданылып келеді.

Облыс көлеміндегі жергілікті тауар өндіретін кәсіпорындар туралы толық мағлұмат www.businessreestr.kz порталында орналастырылған. Жергілікті үлесті мониторингілеу және отандық тауар өндірушілерді қолдау бойынша облыстық комиссия жұмыс жасап, нәтижесінде ондаған ақтөбелік кәсіпорындар тауарлар,  жұмыстар мен қызметтерін жеткізу жөнінде келісімшарттарға қол қойды.

Кеңес қорытындысы бойынша Бердібек Сапарбаев жергілікті үлесті дамытуға бағытталған нақты тапсырмалар берді.

— Жергілікті үлес көп болса, өңір экономикасына үлкен инвестиция құйылады, тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз етіледі. Осыны әрдайым естен шығармауымыз керек, жергілікті үлесті арттыру бойынша қажетті шараларды қолға алуымыз керек, — деді ол.

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button