Жеңіс

Жаңбырбай атаның әңгімесі

Ұлы Отан соғысы жылдарында ерен еңбектің үлгісін көрсеткен жандардың бірі тыл ардагері Жаңбырбай Ниетбаев Жеңіс мерекесінде балабақша тәрбиеленушілеріне соғыс жылдарындағы бастан өткерген қиын шақты әңгімелеп берді.

Ақтөбе қаласындағы №28 «Көркем» балабақшасы «Гүлдер» тобының тәрбиеленушілері Жаңбырбай атаның әңгімесін ұйып тыңдады. Немере, шөберелеріндей балақайлардың жатқа айтқан тақпақтары мен әскери тақырыпта шырқаған әндеріне сүйсінген Жаңбырбай ата еліміздің ертеңіне бейбіт күн мен тыныштық тіледі. Топ тәрбиешілері Қарлығаш Сариева мен Айнагүл Кененбаевалардың ұйымдастыруымен өткізілген шарада балабақша меңгерушісі Рима Кулетова тәрбиелік мәні зор әңгімелері үшін ақсақалға алғысын білдірді.

Кеш соңында тәрбиеленушілер тыл еңбеккерін ортаға алып, естелік суретке түсті.

 Майра ҚАДЫРОВА,

ата-ана.

Ақтөбе қаласы.

 

 

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button