Жеңіс

БАТАНЫҢ БАҒАСЫ

Ақтөбе қаласына қарасты Ясное елді мекенінде 49 тыл, 1 Ұлы Отан соғысының ардагері тұрады.  

Ұлы Жеңістің 71 жылдығына орай Ақтөбе орта мектебінде «Жеңіс әні шалқыған ел» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Шараға тыл және  соғыс ардагері Сали Төлемісов шақырылды. Мектеп оқушылары ардагерлерге арнап ән салды, би биледі. Соғыс жылдарынан қойылым көрсетті. Мәнерлеп өлең оқыды. Балалардың мерекелік кешіне риза болған ардагерлер оқушылармен бірге ән салып, батасын берді. Кеш соңында ауылдың жеке кәсіпкерлері «Ақ бөкен 2011» ЖШС мен  «Алладин», «Малатау»  жеке кәсіпкерліктерінің өкілдері ардагерлерге арнайы сыйлықтар табыс етті.

Аға ұрпақтың үлгі істерін паш ететін осындай үлкенге құрмет көрсету үрдістері жас ұрпақтың бойына адамгершілік, ізеттілік, отансүйгіштік қасиеттерін сіңіріп, имандылыққа тәрбиелейтіні сөзсіз. Мұндай шаралардың мектеп оқушылары үшін тәрбиелік маңызы зор.

 М.РСАЛИЕВА,

аға тәлімгер.

Ақтөбе орта мектебі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button