Жеңіс

АРДАГЕРДІҢ ҮЙІНЕ БАРДЫ

Тыл ардагері Елена Ефимованың жастық шағы қан майданмен тұспа-тұс келді. Елена әкесі Павелдың қанды шайқастан аман-есен келуін үздіксіз тіледі. Тілегі орындалып, үміті ақталды. Бейбіт күндері әкесі елге қызмет етіп, дүниеден озды.

Жеңіс мерекесі қарсаңында Ақтөбе қаласындағы №31 қазақ орта мектебінің 4 «Б» сынып оқушылары ардагердің қызы Елена әжейдің үйіне барды. Ол өткен күндері туралы оқушыларға естелік айтып берді.  Соғыс кезінде студент болғанын, қыздармен бірге  жаралы әскерлерді емханаға тасып, көмектескендерін әңгімеледі. Елена әжейдің әңгімесін оқушылар ерекше ықыласпен тыңдап, гүл шоқтары мен сыйлықтарын табыс етті.

Өнегесі мол соғыс ардагерлері арамыздан сиресе де, олардың ерліктері, тылда еңбек еткен ардагерлерге деген құрмет өшпек емес.

 Айнұр ОТАРАЛИНА,

бастауыш сынып мұғалімі.

Ақтөбе қаласы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button