Жаңалықтар

Ә.Көшербаев қамауға алынды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық бюроның Ақтөбе облыстық департаменті облыстық білім саласын бақылау департаментінің басшысы Ә.Көшербаевты ұстады. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық бюроның баспасөз қызметі хабарлады.

Ә.Көшербаевқа Елек мектебінің директоры қызметін атқаратын зайыбы С.Сырбаева мен басқа да адамдар арқылы жүйелі түрде пара алып отырған деген айып тағылуда. «Ол мектептердің аттестациядан өткені жөнінде оң шешім шығару үшін облыстағы мектептердің өкілдерінен жалпы құны 1 150 000 теңге мөлшерінде пара алған» делінген хабарламада.

Ә.Көшербаевқа қарсы бұлтартпау шарасы ретінде «қамауға алу» шешімі қабылданып отыр.

 Өз тілшімізден.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button