Жаңалықтар

Жол қозғалысы шектеледі

21-22 наурыз күндері өтетін мерекелік шаралар кезінде Ақтөбе қаласында жол қозғалысына шектеу қойылады. 

Бұл туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңның 31, 37-баптарына сәйкес және Наурыз мерекесіне арналған іс-шараларды өткізуге байланысты Ақтөбе қаласының әкімі Бекбол Сағынның арнайы қаулысы шыққан.

Мереке күндері жол қозғалысының өзгеруіне байланысты «Ақтөбе қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары» бөлімінің сектор меңгерушісі Данияр Аймағамбетов түсінік берді.

21 наурыз күні сағат 08.00-ден бастап 22 наурыз сағат 20.00-ге дейін Әбілқайыр хан даңғылы бойындағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті атындағы саябақ ауданында, Ғазиза Жұбанова көшесінен Мәншүк Мәметова көшесіне дейінгі аралықта және Сазды өзені арқылы өтетін көпір өткеліндегі барлық көлік түрінің қозғалысына шектеу қойылады, — деді Д.Аймағамбетов.

Бұл күні көліктер Әбілқайыр хан даңғылынан Ғазиза Жұбанова көшесіне бұрылып, Сәңкібай батыр даңғылы арқылы 12-шағын аудандағы айналма тасжолмен Бөкенбай батыр көшесіне түседі. Бұдан әрі көлік қозғалысы бұрынғы сызбаға сәйкес жүргізіледі.

Мереке күндері жол қозғалысын шектеуге байланысты тиісті белгілер мен қоршаулар қою әрі көлденең көшелер бойындағы қоғамдық көлік қозғалысының уақытша сызбасын әзірлеу үшін құзырлы органдарға тапсырма беріліпті.

 Арайлым НҰРБАЕВА

 

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button