Жаңалықтар

Ақтөбелік құтқарушылар тағы да бірінші орында

Азаматтық қорғау саласы бойынша мемлекеттік жүйені дамытуда және нығайтуда қосқан үлесі үшін, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің 2015 жылғы «Үздік жедел-құтқару жасағы» республикалық V конкурсының қорытындысы бойынша жеткен жоғары жетістіктері үшін біздің республикамызда Ақтөбе облысы төтенше жағдайлар департаментінің «Ақтөбе қаласындағы жедел-құтқару жасағы» ММ үздік деп танылып, бірінші орынды иеленді.
Астана қаласында өткен ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті алқасында ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Владимир Божко жасақ басшысы Қасымжан Байсадақовқа грамота және естелік сыйлық табыс етілді. Бұл шара барысында ұжым мүшелерінің қызмет бабында көрсеткен ерліктері, қайсарлықтары және адамдарды құтқарудағы жедел әрекеттері атап көрсетілді.
Бұл — жергілікті құтқарушылар үшін маңызды, жасақ өміріндегі айтарлықтай оқиға. Жергілікті құтқарушылардың бұл — соңғы жылдардағы үшінші жеңісі. Жасақ республика бойынша 2011 және 2014 жылдары да алдыңғы қатардан көрінді. Әдетте төтенше жағдайлар кезінде қайғылы оқиғалардың орын алуының негізгі себептері қауіпсіздіктің қарапайым ережелерін сақтамау болып табылады. Қауіптің алдын алу бойынша құтқарушылар тұрғындарға үнемі түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, алдын алу бойынша және түрлі төтенше жағдайлар кезінде қайғылы жағдайға жол бермеу үшін үгіт-насихат шараларын ұйымдастырады.
Төтенше жағдайлар комитетінің басшылығы тарапынан жоғары баға алған жасақ ұжымы белгіленген мақсаттарға жету үшін және алға қойылған тапсырмаларды ұйымшылдықпен және қайсарлықпен орындауға міндеттенді.

Оксана КИЧИГИНА,
ҚР Журналистер одағының мүшесі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button