Жаңалықтар

Тегін эко-қалталар

Тұтынушы

Ақпан айынан бастап ақтөбеліктер жергілікті ірі сауда желілерінен нан өнімдерін эко-қалтамен (пакеттер) алатын болады. Бұл жаңашылдық ақысыз ұсынылып отыр.
Аталған эко-қалта жасаумен айналысатын «Home info» сауда маркасының Ақтөбедегі өкілі Жайық Сұлтанның айтуынша, бұл полиэтилен қалталарға қарағанда әлдеқайда артық: қоршаған ортаға оның түк зияны жоқ.
— Біздің эко-қалтамыз қағаздан жасалған, ешқандай химиялық қоспасыз, барлық талаптарға сай келеді. Осы арқылы алдымен экологиялық ахуалды жақсартқымыз келсе, бір жағынан, эко-қалталарымызда жергілікті кәсіпкерлердің тауарларын жарнамалайтын боламыз. Тұтынушыларға ол нан өнімдерін сатып алғанда, тегін таратылады.
Қазіргі таңда өңірдегі «Анвар», «Дина» сауда желілерімен келісімшартқа отырдық. Болашақта эко-қалталардың аясын кеңейтіп, оны барлық азық-түлікке тарату жоспарымызда бар, — дейді ол.
Эко-қалталар келесі айдан бастап ірі дүкендердің нан өнімдері сөресіне шығарылмақшы. Ал оның алғашқы таралымы — 10 мың дана.
Айта кетейік, отандық өнім Астана қаласында жасалады. Эко-қалталар еліміздің орталық аймақтарында бұрыннан қолданысқа енгізілген.

Айбек СЕРІКҰЛЫ.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button