Жаңалықтар

Біз – жария мекемеміз!

Облыстық кедендік бақылау департаментінің бастығы Құрманғали Тасмағамбетов осылай деді.

Өткен жұмада кеденшілер журналистер қауымына арналған тың шара ұйымдастырды. Дәлірек айтқанда, «Кеден келбеті айқын» деп аталатын республикалық журналистік десант акциясы Ақтөбеде басталды. Акция кезінде журналистермен баспасөз мәслихаты өткізіліп, кедендік рәсімдеу орталықтарында, жүк сақтау қоймаларында жалғасты. Мақсат – кеден қызметінің жариялылығын БАҚ арқылы қамтамасыз ету.

– Бұл акцияның маңызы зор, – деді департамент бастығы Құрманғали Тасмағамбетов. – Ең бастысы, біздің жұмыс тұрғындар арасында, әсіресе, кедендік қызметпен байланысты адамдар арасында ашық көрініс табуы тиіс. Біз кедендік органдарда сыбайлас жемқорлық бойынша құқық бұзушылыққа жол бермеу шараларын күшейтіп отырмыз. Өткен жылы 54 тексеру және бақылау өткізіліп, 45 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Біз кеден органдарында жемқорлыққа, құқықтық тәртіп бұзушылыққа жол бермеу үшін өзіміздің ішімізде жұмыс жүргізіп отырмыз. Келеңсіз оқиғаларды ішкі қауіпсіздік қызметі анықтап, тәртіптік жазалар қолданылуда.

БАҚ өкілдері «Ақтөбе-кедендік рәсімдеу орталығы» кеден бекетінде болып, кеденшілер жұмысымен танысты. Бұл бекет 1993 жылдан бері Ақтөбе және Алға қалаларында орналасқан сыртқы экономикалық қызмет бойынша тасымалданатын тауарларға кедендік рәсімдеу және бақылау жұмыстарын жүргізіп келеді. Өткен жылы «Ақтөбе-КРО» кеден бекеті арқылы 2319 сыртқы экономикалық қызмет құжаттары дайындалған. Жалпы саны 19 692 кедендік жүк тасымалдау декларациясы толтырылған болса, оның 16 013-і – импорттық тауарлар құжаттары.

Кеден бекетінің қызмет аумағында 10 уақытша жүк сақтау қоймасы, 1 кедендік қойма, 5 еркін қойма және 16 уақытша сақтау орны бар. Өткен жылы кеден бекеті кедендік төлемдер мен салықтар өндіру бойынша республикалық бюджетке 20,5 миллиард теңге кіріс түсірген.

Республикалық акцияға Астанадан келген Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетінің баспасөз хатшысы Ержан Байтана республика бойынша сыбайлас жемқорлыққа, парақорлыққа, қызмет бабын пайдаланушылыққа қатысты 164 қылмыстық іс қозғалғанын, оның 96-сы ішкі қауіпсіздік басқармасы арқылы анықталғанын жария етті. Өткен жылы сотқа 8 қылмыстық іс жіберіліп, оның ішінде 4 іс бойынша қызметкерлер кінәларын толық мойындаған.

Е.Байтананың айтуынша, есірткі, басқа да контрабандалық заттар тасымалына тосқауыл күшейген. Өткен жылы Қостанай облысының Қайрақ кеден бекетінде 534 килограмм героинмен шетел азаматтары құрықталса, Солтүстік Қазақстан облысының Жаңажол кеден бекетінде 200 килограмға жуық есірткі заттары тәркіленді. Мемлекеттік бюджетке түскен түсімдердің 43 пайызы, яғни 934 миллиард теңге кеден арқылы жиналыпты.

Кеденшілер БАҚ өкілдерін кедендік еркін қойма режимімен таныстырды. «Ақтөбе металл емес құбырлар зауыты» АҚ бас директоры Ян Тампаев былай деді:

– Біз кедендік еркін қойма режимімен жұмыс істеудеміз. Мұның қандай айырмашылығы, артықшылығы бар дегенге тоқталайын. Бұрын біздің өнімімізге байланысты мынадай есептер жүргізілетін: құбырдың құны, 100 пайыздық көлік шығынына қарай баж салығы есептелетін. Бұған тарифтік ставканы қосыңыз. Сонда кәсіпорыннан алынатын кедендік төлемдер 22-32 пайызға дейін жететін. Сондықтан кедендік еркін қойма режимі жұмыс істеуімізге тиімді болып отыр. Біздің кәсіпорын өнім шығаруға қажетті шикізатты шетелдерден алады. Бұрын кедендік бақылаудан өткен шикізат пен материалдар және өнім өткізу үшін көп төлем төледік. Біз ол шикізаттан қанша өнім өндіреміз, оны қалай, кімге сатамыз – бұлар ескерілмеді. Қазір келген шикізат кедендік еркін қоймада сақталады. Ал салық өндірілген өнімнің көлеміне қарай төленетін болды. Жеңілдік пе? Әрине.

Қазіргі кезде кедендік рәсімдеу мен кедендік бақылау «Бір терезе» жүйесі бойынша жүргізілуде. Бұл кедендік рәсімдеудің уақытын айтарлықтай қысқартып, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың шығынын азайтты. Сонымен қатар кеден органдарының лауазымды тұлғаларының дербес жауапкершілігін арттырды.

Бұрын кедендік рәсімдеудің үш сатылы тәртібі: қабылдау, тіркеу және кедендік жүк тасымалдау декларациясын есепке алу сатысы, тауар кодтарының дұрыстығын тексеру, кедендік құн және төлемдерді бақылау сатысы, тауарды тікелей бақылап шығару сатысы қолданылатын. Мұндай жағдайда мамандардың қызметінде нақтылық болмай, жауапсыздық кездесіп қалатын. Енді «Бір терезе» қағидаты ондай кемшілікке жол бермейді.

«Ақтөбе КРО» кеден бекетінде құжаттарды рәсімдеу жұмысымен жүрген «Әнуар» ЖШС қызметкері Гүлзада Айфралина кеденшілерге қатысты ойын ірікпеді:

– Серіктестіктің кедендік құжаттарын рәсімдеумен айналысқаныма бірнеше жыл болды. Бұрын небір қиындықтар кездесетін. Қазіргі «Бір терезе» көп жеңілдік беруде. Декларациямызды әкеліп тапсырамын, бір күннің ішінде бәрі дайын тұрады. «Әнуар» ЖШС сенімді кәсіпорындардың бірінен саналады. Себебі біздің тарапымыздан жалғандық, басқа да қитұрқы әрекеттер болған емес. Азық-түлік, шаруашылық тауарлары, құрылыс материалдары, басқа да алатын заттарымыз заңдылықтарға сәйкес жүргізілігендіктен бізге сеніммен қарайды. Енді кеденшілер фитосанитария, санитарлық бақылауды қарапайымдатса деген тілегіміз бар.

Кеден департаментінің қызметкерлері кедендік бақылаудың нысандарын жетілдіруге, әкімшіліктік басқаруды жақсартуға, материалдық-техникалық базаны нығайтуға, заманауи ақпараттық-технологияларды енгізуге аса көңіл бөлінетінін, сондай-ақ кеден қызметі жариялылықпен жұмыс істейтінін айтты.

Ақтөбедегі акция соңында «Актюбинский вестник» газетінің бөлім меңгерушісі Муапық Боранқұлов ақтөбелік кеденшілер дайындаған «Кеден келбеті айқын» республикалық журналистік десант акциясының белгісін көрші Орал облысындағы әріптестерге жеткізу үшін Ержан Байтанаға табыс етті.

<!– /* Font Definitions */ @font-face {font-family:»KZ Arial»; panose-1:2 11 6 4 2 2 2 2 2 4; mso-font-charset:204; mso-generic-font-family:swiss; mso-font-pitch:variable; mso-font-signature:647 0 0 0 159 0;} /* Style Definitions */ p.MsoNormal, li.MsoNormal, div.MsoNormal {mso-style-parent:»»; margin:0cm; margin-bottom:.0001pt; mso-pagination:widow-orphan; font-size:12.0pt; font-family:»Times New Roman»; mso-fareast-font-family:»Times New Roman»;} h2 {mso-style-next:Обычный; margin-top:12.0pt; margin-right:0cm; margin-bottom:3.0pt; margin-left:0cm; mso-pagination:widow-orphan; page-break-after:avoid; mso-outline-level:2; font-size:14.0pt; font-family:Arial; font-style:italic;} p.1, li.1, div.1 {mso-style-name:Знак1; mso-style-update:auto; mso-style-link:»Основной шрифт абзаца»; mso-style-next:»Заголовок 2″; margin-top:0cm; margin-right:0cm; margin-bottom:8.0pt; margin-left:0cm; line-height:12.0pt; mso-line-height-rule:exactly; mso-pagination:widow-orphan; font-size:12.0pt; font-family:»Times New Roman»; mso-fareast-font-family:»Times New Roman»; mso-ansi-language:EN-US; mso-fareast-language:EN-US;} @page Section1 {size:595.3pt 841.9pt; margin:2.0cm 42.5pt 2.0cm 3.0cm; mso-header-margin:35.4pt; mso-footer-margin:35.4pt; mso-paper-source:0;} div.Section1 {page:Section1;} –>

Бердібай КЕМАЛ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button