Жаңалықтар

Санаққа сегіз күн қалды

Өткен аптаның жұма күні Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технология колледжінде қалалық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен халық санағына қатысты жиын өтті. Шараға қалалық ішкі саясат бөлімі бастығының орынбасары Асылхан Бекболатов пен қалалық зейнетақы төлеу орталығы директорының орынбасары Өтеген Үркімбаев және колледж оқытушылары мен студенттер қатысты.

Кездесуде алдымен сөз алған Асылхан Бекболатов 25 ақпанда басталатын халық санағына жастардың белсене қатысуын өтінді. Ал Өтеген Үркімбаев халық санағының маңыздылығын түсіндірді.

Халық санағының табысты өтуі тұрғындардың санақтың мақсаттары мен міндеттерін терең түсінуінде болмақ. Санақ кезінде жұртшылық санақтың сұрақтарына нақты жауап беруі қажет. Сондай-ақ, өзге де талаптарды ынтамен орындағаны дұрыс. Әсіресе, жастар бұл шараға белсене қатысқаны жөн, – деді ол.

Сондай-ақ, ол санақтың өзге де талаптарын түсіндірді. Ал өз кезегінде студенттер санаққа қатысты түрлі сұрақтарын қойды.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button