Жаңалықтар

Ақтөбелік клоундар жүлдемен оралды

Жақында қалалық қазақ саңыраулар қоғамы Мәдениет үйі жанынан құрылған «Біз сіздерді жақсы көреміз» халықтық клоундар театры Павлодар қаласында өткен республикалық клоундар байқауынан жүлделі үшінші орынмен оралды.

Негізі 2003 жылы құрылған бұл театрдың құрамында қазір 8 адам жұмыс істейді. Олардың бәрі – есту қабілеті нашар жандар.

Павлодарда өткен республикалық клоундар байқауында еліміздің 13 қаласының театр ұжымдары өнер көрсетіпті. Бұл байқауда қазылар алқасы ақтөбеліктердің өнерін жоғары бағалап, жүлдеге лайық деп таныпты.

Осы күнге дейін театр ұжымы облыстық, республикалық, халықаралық байқауларға қатысып, бірнеше дүркін жеңімпаз атанып қайтты. 2007 жылы «Біз сіздерді жақсы көреміз» клоундар театры республикалық комиссия алдында «Халықтық» атағын қорғады.

Жыл сайын театр ұжымы қалалықтарға қайырымдылық акциялар ұйымдастырып, жұртшылықты күлкіге бөлеп жүр.

Р.НҰРЖАНОВА,

қалалық қазақ саңыраулар қоғамы

Мәдениет үйінің директоры.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button