Заң мен тәртіп

Құқықтық сауат — тұрақтылық кепілі

Ақтөбедегі №3 емханада «Law and Order — the Guarantee of Stability» атты іс-шара өтті. Бұл қазақ тіліне аударғанда «Заң мен тәртіп — тұрақтылық кепілі» деген сөз. Ағылшын тілінде жиында заңды сақтау, құқықтық жауапкершілік, қоғамдық тұрақтылық сияқты тақырыптар талқыланды.

Яғни қатысушылар өз ойын ағылшын тілінде айтып, коммуникатив дағдыларын дамытуға мүмкіндік алды. Тақырыпқа байланысты тапсырмалар орындалып, сұрақ қойылды.
— Іс-шараның негізгі мақсаты — заң мен тәртіптің қоғамдағы тұрақтылықты сақтаудағы маңызын түсіндіру ғана емес, сонымен қатар қатысушылардың ағылшын тілін меңгеру деңгейін жақсарту болды. Шара барысында ағылшын тілінде пікір алмасып, құқықтық және әлеуметтік бағыттағы сөздік қорды байытуға, сөйлеу мен тыңдау дағдыларын дамытуға баса назар аударылды, — деді ағылшын пәнінің мұғалімі Аяулым Рахметқали.
Іс-шара соңында емхана қызметкерлері ағылшын тілі пәнінің мұғаліміне пайдалы ақпарат пен білім үшін алғыс білдіріп, осындай кездесулердің маңыздылығын атап өтті.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button