Сұрақ-жауап

СҰРАҚ-ЖАУАП

Ашық және жабық түрлеріндегі қоғамдық тыңдаулар қандай жағдайда жүзеге асырылады?

Қоғамдық тыңдаулар – бұл азаматтардың экология мен тұрақты даму мәселелері бойынша мемлекеттік шешімдерге қатысу мүмкіндігі. Олар ашық жиналыстар немесе онлайн жария талқылаулар түрінде өтеді.

Қоғамдық тыңдаулар Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 3 тамыздағы № 286 бұйрығымен бекітілген қоғамдық тыңдаулар өткізу қағидаларына сәйкес өткізіледі.

Ашық жиналыс түріндегі қоғамдық тыңдаулар келесі жағдайларда өтеді. Жоспарланған іс-әрекет бірнеше өңірге әсер етсе: Әр облыс, қала, аудан немесе ауылда жеке тыңдау өтеді.

Егер жоспарланған іс-әрекет елді мекендерге тікелей әсер етпесе, тыңдаулар сол ауданға ең жақын елді мекенде өткізіледі.

Жоспарланған іс-әрекеттің бастамашысы қоғамдық тыңдаулар туралы хабарландыруды:

-Газетте, телеарнада немесе радиода жариялап, барлық тиісті өңірлерге таратуы керек.

-Қоғамдық орындарға (мысалы, халық көп жиналатын жерлерге) іліп қоюы қажет.

-Хабарландыруда жоба атауы, тыңдау уақыты мен орны, сондай-ақ ақпараттық жүйеге сілтеме көрсетілуі тиіс.

Қосымша рұқсат етілген басқа да тәсілдермен хабар таратуы мүмкін. Қоғамдық тыңдауларды жергілікті әкімдік немесе әкім аппаратының төрағалығымен  өткізіледі және сол аумақта ұйымдастырылады.

Жиналысты төраға ашып, ережелерді түсіндіреді. Хатшы қатысушылардың дауысымен сайланады.Қатысушылар өз ұсыныстары мен ескертулерін регламентке сай айтады.Барлық пікірлер хаттамаға жазылады. Тақырыпқа қатысы жоқ пікірлер бөлек белгіленеді.Тыңдаулар аяқталған соң, хатшы хаттаманы дайындайды.Екі жұмыс күні ішінде хаттамаға төраға мен хатшы қол қояды.

Жария талқылау түріндегі қоғамдық тыңдаулар келесі жағдайларда өтеді. Бастамашы тыңдаулардан кемінде 5 жұмыс күні бұрын қазақ және орыс тілдерінде хабарландыру жариялайды. Хабарландыру газетте, телеарнада, радиода және халық көп жүретін жерлерде ілінеді. Онда бастамашының аты, жоба атауы, тыңдаудың уақыты, орны және ақпараттық жүйеге сілтеме болуы керек. Ескертпелер мен ұсыныстар тыңдаудың соңғы күні 18:00-ге дейін қабылданады. Тақырыпқа қатысы жоқ пікірлер арнайы белгімен бөлек тіркеледі.

Экология органының ұйымы барлық ұсыныстарды бір күн ішінде ақпараттық жүйеге енгізеді. Тыңдау кезінде бастамашы түскен ұсыныстарға жауап береді. Тыңдаудан кейін 2 жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы орган өкілі хаттаманы рәсімдеп, электронды қолтаңбамен бекітеді.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button