Инвесторларға қандай мемлекеттік қолдау шаралары мен преференциялар көзделген?

Өңірде ашық және сындарлы диалогты қамтамасыз ететін инвесторларды қолдаудың көпдеңгейлі инфрақұрылымы қалыптастырылған.Инвестициялық қызметті мемлекеттік қолдаудың негізгі тетіктері – инвестициялық келісімшарттар, сондай-ақ арнайы және басым жобалар болып табылады. Инвестициялық келісімшарттың негізгі артықшылықтарына мыналар жатады:
кедендік баждардан босату, мемлекеттік заттай грант беру мүмкіндігі, шикізат пен материалдарды импорттау кезінде ҚҚС мөлшерлемесін 0%-ға дейін төмендету (5 жылға дейінгі мерзімге). Бұл ретте жоба жаңа өндірісті құруды, қолданыстағы өндірісті кеңейтуді және/немесе жаңартуды көздеуі тиіс. Басым жобалар бойынша қолдау шаралары: корпоративтік табыс салығы (КТС), жер салығы және мүлік салығы бойынша мөлшерлемелерді 0%-ға дейін төмендету, сондай-ақ заңнаманың тұрақтылығына кепілдік беріледі. Арнайы инвестициялық келісімшарт шеңберінде келесі жеңілдіктер мен преференциялар көзделген:
1) Заңды тұлғалар енгізген шикізат пен (немесе) материалдарды кедендік баждардан босату;
2) Дайын өнім құрамындағы тауарларды импорттау кезінде қосылған құн салығынан (ҚҚС) босату;
3) Көлік құралдары мен (немесе) ауыл шаруашылығы техникасының, сондай-ақ олардың құрамдас бөліктерінің құрамындағы шикізат пен (немесе) материалдарды импорттау кезінде ҚҚС-тан босату.



