Жаңалықтар

ҚЫСҚА ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Оқу-жаттығу

Мәртөк ауданында «Қыс — 2025» командалық-штабтық оқу-жаттығу өтті. Іс-шарада жауапты органның қысқа әзірлігі пысықталды.
Оқу-жаттығу жиынына аудан әкімінің орынбасары Дархан Тілеуов пен аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Бақыт Нукушев қатысып, арнайы техникалар мен құрал-жабдықтардың әзірлігін тексерді.
— Мұндай іс-шара республика аумағын түгел қамтиды. Оқу-жаттығу қыс мезгіліндегі төтенше жағдайларды жоюға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің және халықтың дайындық деңгейі мен қабілетін арттыру, азаматтық қорғау қызметтері мен құрамаларының қысқы кезеңге әзірлігін тексеру мақсатында өткізіледі. Қыс маусымына дайындық аясында жергілікті атқарушы органдар мен автожол иелері 35 тонна инертті материал, 6 тонна жанар-жағармай (оның ішінде 3 тонна дизель отыны және 3 тонна АИ-92 бензині) дайындады.Сондай-ақ аудан аумағында төтенше жағдай туындаған жағдайда тұрғындарды уақытша орналастыру үшін мемлекеттік мекемелер базасында 10 жылыту пункті бар. Бұған қоса қосымша альтернативтік жылыту орындары да қарастырылған, — дейді аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Бақыт Нукушев.
Қыста жолда қалған жолаушыларға төтенше жағдайлар және полиция басқармасының өкілдері, жергілікті атқарушы орган қызметкерлері түсіндірме және алдын алу жұмыстарын жүргізеді.
Мамандардың айтуынша, төтенше жағдайлар бөлімі мен жергілікті атқарушы органдардың бірлескен үйлесімді жұмысының нәтижесінде өткен жылдың қысында төтенше жағдайлар мен жазатайым оқиғалар тіркелген жоқ. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Ақмарал МҰҚАШЕВА,
Мәртөк ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button