Жаңалықтар

АЛИМЕНТ ТӨЛЕМЕГЕНГЕ ЖАЗА ҚОЛДАНЫЛАДЫ

Брифинг

Жыл басынан бері алимент өндіру бойынша 16, 9 мыңнан астам іс өндіріске алынды.
Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен жиында алимент және мемлекеттік кірісті өндіріп алу бойынша жыл басынан бері жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде айтылды.

Журналистермен кездесуге біздің облыс бойынша жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы басшысының орынбасарлары — Саламат Әбдіғалымов пен Қайрат Танкаев келді.
Деректерге сай, алимент және мемлекеттік кірісті өндіріп алу бойынша жүргізілген жұмыстың нәтижесінде 57 миллиард теңгеден астам қаржы өндірілген. Оның ішінде мемлекеттік кіріс бойынша өндірілген қаржының көлемі 1,1 миллиардтан асады. Бұл — салықтар, айыппұлдар, басқа да міндетті төлемдер.
Осы мерзім ішінде мемлекет кірісін өндіріп алу бойынша — 48, 4 мыңнан астам, алимент өндіріп алу бойынша 16, 9 мыңнан астам іс өндіріске алынды. Алимент бойынша 2 268 іс өтініш берушінің қалауымен қайтарылған, ал аяқталған істің саны — 2 756.
Алимент өндіру істері бойынша 69 борышкерге айыппұл салынса, 356 адам әкімшілік қамауға алынды.

А.САРЫБАЙ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button