Жаңалықтар

«Меgaline» және оның 15 мыңыншы абоненті

Қазақтелеком

«Қазақтелеком» АҚ филиалы – Ақтөбе облыстық телекоммуникациялар дирекциясы өзінің 10 мыңыншы абонентін құттықтағаны кеше еді. «Меgaline» сауда маркасымен кең жолақты интернет желісі қызметінің тиімділігі болар, дем арасында тағы да 5 мың абонентке өсіп үлгерді.

Жақында Ақтөбе облыстық телекоммуникациялар дирекциясының бас бөлімшесінде «Меgaline» қызметіне қосылған 15000-шы абонентті марапаттау рәсімі өтті.

«Қазақтелеком» АҚ филиалы – Ақтөбе облыстық телекоммуникациялар дирекциясы «Меgaline» сауда маркасымен интернет желісіне кең жолақты қол жеткізу қызметінің 15 мыңыншы абонентін қосты. Бұл мәре «Қазақтелеком» АҚ-ның кең жолақты интернет қызметіне қол жеткізу деңгейі мен сапасын арттырып, облыс тұрғындары үшін белсенді және мақсатты жұмысының арқасында сәтті өтіп отыр.

Салтанатты марапаттау шарасында Ақтөбе ОТД бас директорының орынбасары – коммерциялық директор Самиғолла Қарасаев өз жұмыстары туралы әңгімелей келе, облысты 80 пайыз телефон байланысымен «Қазақтелеком» қамтамасыз етіп отырғанын айтты. Сондай-ақ, кең жолақты интернет желісіне қол жеткізу «Меgaline» қызметінің ерекше жылдам қарқынмен белең алып, нарықты жаулап жатқанын, бұл қызметтің алғашқы 40 абоненті Кеңқияқ елді мекенінен қосылғанын жеткізді.

Одан соң Ақтөбе ОТД бас директорының орынбасары – коммерциялық директор Самиғолла Қарасаев 15 мыңыншы абонент боп тіркелген Г.Шүйіншібаеваны құттықтап, сертификат пен ноутбук табыс етті.

Ақтөбе қаласының тұрғыны Гүлжан Шүйіншібаева мамыр айының басында

«Меgaline» қызметіне қосылған. Жасаған қадамы сәтті болып,  ол 15 мыңыншы мегалайнер атанды. Салтанатты шараға ол жалғыз келген жоқ. Қасында сіңлісі Марина Есмағамбетова мен оның баласы Эрнис Есмағамбетов бар.

Қуанышты көңіл-күйде тұрған Гүлжан бізге:

– Жиенім Эрнистің қалауымен «Меgaline» қызметіне өтініш білдірген едік. Қосылған күнінің ертеңіне үйге «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының Ақтөбе филиалы қызметкері хабарласыпты. Бірақ мен «лохотрон» шығар деп сенбедім. Тіпті, күткенім жоқ. Өте қуанып тұрмын. Абоненттерді де осы «Меgaline» қызметіне қосылуға шақырамын! – деді.

Сіңлісі Марина Есмағамбетова отбасыларына күтпеген жерден қуаныш сыйлаған «Қазақтелеком» АҚ филиалы – Ақтөбе облыстық телекоммуникациялар дирекциясына абоненттерге мүмкіндік жасап,  қазіргі соңғы технология көшінен қалыс қалдырмай отырғандары үшін ризашылығын білдірді.

№19 орта мектептің 10 «а» сыныбының оқушысы Эрнис Есмағамбетов «Меgaline» қызметі туралы мектептегі құрдастарынан естігенін айтады.

Сыныптастарымның біразы интернет жүйесіне қосылған. Оның ішінде, «Меgaline»-ның артықшылықтарын көп әңгімелейді. Әрине, қарым-қатынастың таптырмас құралы интернетті өз үйіңде пайдаланғанға не жетсін! Мен де апама «Меgaline» қызметіне қосылайық деп айтқанмын. Сосын сәті түскен сәтте барып, «Меgaline»ға өтініш білдірдім. 15 мыңыншы мегалайнер болғанымызды естігенімде, қатты қуанып кеттім. Оның үстіне, ноутбук сыйлап жатыр. Бұл қуанышты әлі ешкімге айтқан жоқпын, әбден көзім жеткеннен соң сыныптастарыма міндетті түрде жеткіземін. Мен де басқаларға «Меgaline» қызметіне қосылуға кеңес беремін, – дейді Эрнис.

Біздің аймақта АDSL технологиясы бойынша интернет желісіне кең жолақты қолжеткізу қызметі 2006 жылдың қаңтарында енгізілді. 3 жыл ішінде «Меgaline» қызметі шын мәнінде бұқаралық болды.

Бұл қызметті абоненттердің басым көпшілігінің таңдауы да бекер емес. Абоненттердің өсу қарқыны мынадай көптеген факторларға: телекоммуникация желісін жаңғырту мен дамытуға, интернет қызметіне компания тарифінің төмендеуіне, интернетке қол жеткізу жылдамдығының өсуіне, қызметтің белсенді түрде алға жылжуы, сонымен бірге дилерлік желінің дамуына байланысты.

Көрсетілген шаралар кешенін жүзеге асыру қолданушылар тарапынан интернетке қызығушылықты арттыруға, интернетке қол жеткізу қызметіне сұранысты қалыптастыруға әсер етеді.

«Меgaline» қызметі мынадай «Megaline START», «Megaline HIT», «Megaline TURBO», «Megaline LIGHT», «Megaline BOX» тарифтік жоспарларын ұсынады.  Әрине, кез келген  жеке тұлға немесе заңды тұлға тарифтік жоспарлардың дербес артықшылығына қарап, өзінің қаржылық мүмкіндігіне қарай ыңғайлысын, тиімдісін таңдайтыны анық.

«Megaline» қызметі мегабайттық трафик есебін жүргізіп отырады, мұнда сізге ақпаратты көргеніңіз үшін уақыттық төлем жүргізілмейді, web-парақтарын ашқаныңызға ғана төлейтін боласыз.

2008 жылдың наурызынан бастап барлық мегалайнерлердің компанияның ішкі ресурстарына қол жеткізу жылдамдығы екі есе өсті. Аталған компания ілгері дами отырып, бұл трафикті мүлдем ақысыз етті.

2008 жылдың 1 қазанынан бастап «Меgaline-Turbo» жылдамдығы 8 Мбит/с дейін көбейтіліп, осы клиенттердің ішкі трафиктері де ақысыз қалды.

Сол кезде интернеттің сыртқы ресурстарына 256 Кбит/с жылдамдықпен қол жеткізу – unlimited ұсынатын тек мектептерге ғана емес, Қазақстанның барлық оқу орындарына «Меgaline-Мектеп» бірегей тарифі, сонымен қатар 1 Мбит/с жылдамдықпен қазақстандық ішкі ресурстарға мүлдем ақысыз қол жеткізу енгізілді.

Сонымен бірге интернеттендіру деңгейін арттыру мен Интернет желісіне кең жолақты қол жеткізу қызметінің бұқаралық нарығын қалыптастыру мақсатында   «Қазақтелеком» АҚ кең масштабты мынадай іс-шаралар өткізуді жоспарлап отыр:

Осы жылдың соңына дейін қызметтің барлық жаңа қолданушыларына  «Megaline» қызметінің портына қосылуға 50% жеңілдік беріледі.

Корпоративті клиенттер, сондай-ақ оқу орындарының оқушылары  (мектептер, колледждер, ЖОО және т.б.) үшін адалдық бағдарламасы енгізіледі.

Кросс-селинг бойынша жоба жүзеге асырылады, яғни «БТА Қазақстан» ЖЗҚ» АҚ,  «МҰЗҚ» ЖЗҚ» АҚ, «Отан» ЖЗҚ» АҚ, «Ұлар-Үміт» ЖЗҚ» АҚ, «НефтеГаз-Дем» ЖЗҚ» АҚ, «Қазақстан Халық банкі ЖЗҚ» АҚ,  «Капитал ЖЗҚ» АҚ,  «Атамекен» ЖЗҚ» АҚ, «Республика» ЖЗҚ» АҚ барлық жаңа салымшылары, сондай-ақ «Кazkomsales» компаниясының «Go-card» жаңа жазылушыларына,  «Қазақстан Ұлттық Банкі» АҚ «Интернет-банкинг заңды тұлғалары үшін» қызметіне жаңа жазушылар үшін «Megaline» қызметінің портына қосылуға 100% жеңілдік беріледі.

Телефондандырылмаған мекен-жайға НТА орнатуға және «Megaline» қызметіне қосылуға меншікті сервис желісі пунктіне бір мезгілде өтініш берілген жағдайда, «Megaline» қызметіне қосылу үшін төленетін біржолғы төлемге 100% мөлшерінде жеңілдік беріледі.

Мұндай іс-шаралар интернет қызметінің тұрғындарға құндық қол жетімділігін  арттыруға және интернеттің қазақстандық ішкі кеңістіктің дамуына әсер ететіні анық. Бұл өз кезегінде «Қазақтелеком» АҚ сыртқы арналарының жеңілдеуіне және интернет қызметінің өзіндік құнының азаюына да ықпал етеді.

«Қазақтелеком» АҚ Қазнет пен «Megaline» қызметін кеңінен тарату мақсатында «Меgaline»ды кадрға түсір» акциясының басталғанын хабарлайды. Байқауға қатысу үшін «Megaline» қызметін пайдаланушы «Megaline» туралы бейнеролик түсіріп, оны www.kiwi.kz сайтына салып жіберсе болғаны, төрт бейнекамераның бірін ұтып алуға мүмкіндік алады. Байқау осы жылдың 1 мамырынан 15 маусымға дейін өтеді.

Ал жаңа мегалайнерлер үшін осы жылдың 18 мамырынан бастап Ақтөбе облыстық телекоммуникациялар дирекциясында «Megaline BOX» акциясы басталды. 18 шілдеге дейін жалғасатын акцияға абонент «Megaline» қызметіне 6 мың теңге төлеп, «Megaline BOX» қорапшасын иеленсе болғаны, ұтыс сыйлықтарының біріне ие болады. Акцияға қатысушы «Қазақтелеком» АҚ-ның сувенир өнімдерін  – фотоаппарат, бейнекамера ұтып алу мүмкіндігіне де қол жеткізе алады.

Қысқа да нұсқа

– «Megaline» дегеніміз не?

– «Megaline» – интернет желісіне жоғары жылдамдықпен қол жеткізу қызметі.

– «Megaline» қызметінің негізгі артықшылықтары?

– Интернет желісіне секундына 512 килобайт жоғары жылдамдықпен қол жеткізу арқылы түрлі ақпаратты көзді ашып-жұмғанша ашып-қарауға мүмкіндік алып, сондай-ақ интернет арқылы қосымша түрлі интерактивті сервистерді пайдалана аласыз. «Megaline» интернет желісіне күні-түні қолжетімділікті қамтамасыз ете отырып, телефон желісін де қатар пайдалануға мүмкіндік береді.

– Трафик есебін өзіміз жүргізе аламыз ба?

– Әрине, сіз өзіңіз трафик мониторингін жүргізуге және жеке кабинетіңіз (өзіңіздің жеке web-парағыңыз) арқылы бюджетті басқаруға мүмкіндігіңіз бар.

– Төлем төлеу қай жерлерде жүргізіледі?

– «Megaline» қызметі үшін, мысалы, осы айдың төлемін келесі айда «Қазақтелеком» АҚ сервис желісі пункттерінде, сондай-ақ «Қазкоммерцбанк», «Халық банкі» мен «ТуранАлем» банктері және «Қазпошта» бөлімшелерінде, «Қазкоммерцбанк» банкоматы арқылы және HomeBank.kz интернет-порталы арқылы төлеуге болады.

Айнұр ЖАЛМАҒАНБЕТОВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button