Сұрақ-жауап

Инфрақұрылымды жүргізу түрінде қолдауды қалай алуға болады?

Ұлттық жоба шеңберінде ШОБ субъектілері объектісі аумағының шекарасына дейін жетіспейтін инфрақұрылымды жүргізу көзделген, бұл ретте кәсіпкер объектісі аумағының ішінде инфрақұрылымды жүргізуге қаражат бөлу көзделмейді.

Инфрақұрылым түрлері: су бұру, сумен жабдықтау (сумен жабдықтау үшін Ұңғымаларды бұрғылау), газдандыру, су құбырлары, бу құбырлары, жылумен жабдықтау, су құбырлары, темір жол тұйықтары, темір жол кірме жолдары, телефондандыру, электр қосалқы станциялары, электр беру желілері, септиктер, бу-газ қондырғылары.

Инфрақұрылымды салу (реконструкциялау) құны шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері жобасының құнынан және (немесе) индустриялық аймақтарды құру немесе дамыту жобасының құнынан 50% – дан аспауға тиіс.

Қолдау алу үшін құжаттарды (нысан бойынша өтінім, бизнес-жоспар, ТЭН және жоба бойынша жобалау-сметалық құжаттама, сараптамалық қорытынды,шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің объектісі бойынша орындалған жұмыстардың актілері, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу кезінде шеккен шығыстар бойынша төлем шоттары) ұсыну қажет.

Толығырақ ақпарат алу үшін «кәсіпкерлік басқармасы» ММ-не Әбілқайыр хан даңғылы, 40 мекенжайы бойынша хабарласуды ұсынамыз.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button