Байланыс сапасына шағымды қалай жолдауға болады?

Егер сіз мобильді немесе интернет байланысының сапасына (төмен жылдамдық, жиі үзіліс, әлсіз сигнал және т.б.) қатысты қиындықтарға тап болсаңыз, уәкілетті органға шағым жолдай аласыз.
Қайда жүгіну керек?
Шағымды келесі тәсілдердің бірі арқылы Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитетіне жолдай аласыз:
– «Электрондық үкімет» порталы арқылы – egov.kz;
– «e-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы – eotinish.kz;
– өз өңіріңіздегі байланыс жөніндегі Өңіраралық инспекцияға қағаз түрінде өтініш беру арқылы.
Шағымда не көрсету қажет?
Шағымды тиімді қарастыру үшін келесі мәліметтерді міндетті түрде көрсету қажет:
– мәселенің егжей-тегжейлі сипаттамасы: интернеттің баяу жұмыс істеуі, жиі үзіліс, әлсіз сигнал және т.б.;
– байланыс операторының атауы;
– проблема туындаған нақты мекенжай немесе аудан;
– Сіздің байланыс мәліметтеріңіз;
– абоненттік нөмірдің сіздің атыңызға тіркелгенін растайтын құжат;
– болған жағдайда – жылдамдықты тексеру нәтижелері немесе скриншоттар (мысалы, speedtest.net сайтынан).
Шағымнан кейін не болады?
Телекоммуникациялар комитеті байланыс операторына қатысты жоспардан тыс тексеріс тағайындауы мүмкін. Бұл тексеріс Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының Субъектілер мен объектілерді тексерулердің бірыңғай тізілімі арқылы жүргізіледі.



