Денсаулық

Тағамнан уланудың алдын алу

Маман кеңесі

Тамақтан улану —ас қорыту жүйесінің бұзылуымен бірге жүретін өткір ауру. Оның себебі ағзаға әртүрлі микроорганизмдердің, көбінесе бактериялардың тамақ өнімдерімен енуі болуы мүмкін. Негізгі белгілері: іш ауру, іш өту, дене қызуының көтерілуі, жалпы әлсіздік, құсу және жүрек айну.

Алдын алу шараларға мыналар жатады: жеке бас гигиенасын сақтау, тамақ өнімдерін дайындаған кезде термиялық және технологиялық процестің қатаң сақталуы, жиі сұйықтық ішу, ауруханаға қаралу.

Ұжымдарға қызмет көрсететін және дайындайтын, тамақтандыруды ұйымдастыруға қатысатын тамақтандыру мекемелерінде тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау қамтамасыз етіледі, дайындалған тамақ өнімдерінің әрбір партиясынан тәуліктік сынама алынады.

Тәуліктік сынаманы алуды тамақ өнімдерімен жанасуға арналған арнайы бөлінген зарарсыздандырылған және таңбаланған сыйымдылықтарға (тығыз жабылатын) зарарсыздандырылған мүкәммалды пайдалана отырып, тамақ объектісінің ас блогының тағайындалған жауапты тұлғасы жүзеге асырады. Бөлшектелген тағамдар, аспаздық және гастрономиялық өнімдер бір бөлікке, тұтастай жеткізіледі. Суық тағамдар, бірінші және үшінші тағамдар, гарнирлер кем дегенде 200 г мөлшерінде таңдалады.

Ұйымдастырылған ұжым субъектісінің тамақтануын ұйымдастыру кезінде бөгде ұйымды (тамақтану объектісін) дайын тамақ өнімдерін дайындауға тарта отырып, тәуліктік сынаманы іріктеп алуды және сақтауды осы бөгде ұйымның жауапты тұлғасы ұйымдастырылған ұжым субъектісінің (объектісінің) жауапты тұлғасының басшылығымен жүргізеді.

Ұйымдастырылған ұжымдардың стационарлық объектілерінде тамақтану объектілерінен дайын тағамдарды пайдалану кезінде дайын тамақ өнімдерін қабылдауға және тәуліктік сынамаларды алуға арналған үй-жай бөлінеді. Тәуліктік сынамаларды ас блогының жауапты тұлғасы алады.

Тәуліктік сынамалар арнайы тоңазытқыш жабдықта немесе дайын тамақ өнімдерін +2°C-тан +6°C-қа дейінгі температурада сақтауға арналған тоңазытқыш жабдықтың арнайы бөлінген орнында, сондай-ақ білім беру және тәрбиелеу объектілерінде, мектепке дейінгі ұйымдарда, балалар үйлерінде кемінде 48 сағат (денсаулық сақтау объектілеріндегі тәуліктік сынамаларды қоспағанда) сақталады, балаларды сауықтыру және санаторийлік объектілерде — демалыс күндерінен кейін дайындалған тағаммен (демалыс күндерінің санына қарамастан)— тиісінше таңғы аспен, түскі аспен, түстен кейінгі шаймен немесе кешкі аспен ауыстырғанға дейін. Денсаулық сақтау объектілерінде тәуліктік сынамаларды сақтау кемінде 24 сағат қамтамасыз етіледі.

Тамақтану объектілерінде жабдықтарды орналастыру және олардың жұмысы технологиялық процестердің реттілігі мен ағынын, қызмет көрсетуге, жууға, дезинфекциялауға және жөндеуге арналған жабдыққа еркін қол жеткізу мүмкіндігін сақтай отырып, шикі және пайдалануға дайын тамақ өнімдерінің жанасу мүмкіндігін қоспағанда қамтамасыз етіледі.

Азық-түлік шикізаты және жеуге дайын тамақ өнімдері үшін бөлек технологиялық және тоңазытқыш жабдықтар, өндірістік үстелдер, әріптік және түсті таңбалауды (кодтауды) пайдалана отырып таңбаланған кесу мүкәммалы, көп айналымды қаптама және асүй ыдыстары пайдаланылады.

Міндетті медициналық қарап-тексеруге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ оларды жүргізу қағидалары мен кезеңділігін, зертханалық және функционалдық зерттеулердің көлемін, медициналық қарсы көрсетілімдерді, орындалуы кезінде жұмысқа түсу кезінде алдын ала міндетті медициналық қарап-тексеру жүргізілетін зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың, кәсіптер мен жұмыстардың тізбесін және мерзімдік міндетті медициналық қарап-тексерулерді бекіту туралы 1-қосымшаға сәйкес медициналық тексерулер және «Алдын ала міндетті медициналық тексеруден өту» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 қазандағы бұйрығымен бекітілген.

Қоғамдық тамақтану және тамақ өнеркәсібі объектілерінің қызметкерлері медициналық тексеруден — флюорографиядан әр 12 айда өтеді.

Қоғамдық тамақтандыру өнімдерін дайындау үшін пайдаланылатын азық-түлік (тамақ) шикізатының, тамақ өнімдерінің және қосалқы материалдардың әрбір партиясы қабылдау, сақтау, тасымалдау және өткізу кезінде қадағалануды қамтамасыз ететін тауарға ілеспе құжаттамамен, сондай-ақ қауіпсіздікті растайтын сәйкестікті бағалау (растау) туралы құжаттармен сүйемелденеді.

Тез бұзылатын тамақ өнімдері үшін тауарға ілеспе құжаттамада өндірілген уақыты мен күні, Сақтау шарттары (температура, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы) және өнімнің жарамдылық мерзімі көрсетіледі.

А.ТІЛЕКТЕС,

Ақтөбе қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button