Темір ауданының білім бөліміндегі анықталған бұзушылықтар

«Ақтөбе облысының білім басқармасы Темір ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі, жүргізілген сәйкестік ішкі мемлекеттік аудитімен 2024 жылғы 12 желтоқсандағы №06-10-131 аудиторлық тексерумен анықталған бұзушылықтардың жалпы сомасы 122 339,8 мың теңге, оның ішінде:
Қаржылық сипаттағы анықталған бұзушылықтар 89 785,7 мың теңге, оның ішінде: бюджетке өтелуге тиіс жалпы сомасы 70 631,1 мың теңге, аудит барысында жергілікті бюджетке қайтарылған жалпы сомасы 15 645,4 мың теңге, есеп сәйкес қалпына келтірілген бойынша жалпы сомасы 3 397,9 мың теңге.
Рәсімдік сипаттағы анықталған бұзушылықтардың жалпы сомасы 32 584,2 мың теңге.
2021-2023 жылдарының жыл аяғында коммуналдық қызметтеріне жалпы 23 490,5 мың теңгеге алдын-ала төлемдер жасалынып, келесі жылы қайта есептеулер жүргізілгені анықталды.
Мұғалімдердің алған сертификаттары жүйеде расталмай, жалпы сомасы 86 276,5 мың теңгеге негізсіз үстемақы төленгені анықталды. Оның ішінде: жалпы сомасы 15 645,4 мың теңге аудит барысында жергілікті бюджетке қайтарылды.
Аудит барысында ұсынылған құжаттарға сәйкес іс-сапар шығындары артық есептелгені анықталды, жалпы сомасы 81,2 мың теңге.
2023 жылға жалпы сомасы 314,4 мың теңгеге мекеме қызметкерлеріне жылдық сыйақы айырмашылығы бойынша қаржылық бұзушылықтармен төленгендігі анықталды. Оның ішінде:
1) «Еркем-ай» бөбекжай-балабақшасы 63,7 мың теңге;
2) «Балдырған» бөбекжай-балабақшасы 124,3 мың теңге;
3) «Айгөлек» бөбекжай-балабақшасы 126,4 мың теңге;
ҚР Қаржы Министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы «Бухгалтерлік есепті жүргізу қағидаларын бекіту туралы» №241 бұйрығының 33-тармағына қайшы, «Балақай» бөбекжай-балабақшасы 3 397,9 мың теңгеге қорлар есепке алынбаған. Аудит барысында бухгалтерлік есеп бойынша қалпына келтірілді.
Бүгінгі таңда бюджетке 46 792,0 мың теңге қайтарылды. Қалған қайтарылмаған жалпы сомасы 42 993,7 мың теңгесіне аудандық сотқа беріліп, бүгінгі таңда сот процесі жүргізілуде.
Сонымен қатар, 17 жауапты тұлғаға қатысты әкімшілік іс қозғалып, 1 002,7 мың теңгеге әкімшілік айыппұл салынып, бюджетке толығымен өндірілді.
Қият ЖҰМАБАЕВ,
Ақтөбе облысы бойынша ішкі мемлекеттік
аудит департаменті басшысының орынбасары.