Жаңалықтар

Ақтөбе өңірінде «Көктем-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді

2025 жылдың 6-7 ақпанында «Су тасқыны кезеңі жағдайларындағы төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын дайындау» тақырыбы бойынша «Көктем-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығудың бірінші кезеңі өтеді.

Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Елеуовтің төрағалығымен осы шараның ұйымдастырылу мәселесі пысықталды.

Оқу-жаттығу аясында «Баршаның назарына!» дабылы бойынша аумақтық деңгейдегі құлақтандыру жүйесінің дайындығы тексеріледі.  6 ақпанда сағат 11.00-де барлық дыбыстық электр дабылдары қосылады. Бұл кезде тұрғындардан тыныштық сақтап, үрейге бой алдырмау сұралады.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button