Жаңалықтар

Жыл қорытындысы: Байғанин ауданының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің орындалуы

Ақтөбе облысы Байғанин ауданының Қораши ауылында тартылатын және кентішілік газ құбырын салу  Тапсырыс беруші «Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы» ММ. Мердігер «КазПромСтройГрупп» ЖШС Құрылыс монтаж жұмыстарының ұзақтығы – 5,8 ай.  2024 жылы толық аяқтау жоспарлануда.

Ауыз сумен жабдықтау.

Байғанин ауданында барлығы 23 елді мекен. Оның ішінде 15 елді мекені ортақтандырылған ауыз сумен 4 ауыл су тазартудың кешенді блок модульімен қамтамасыз етілген. Сумен қамту көрсеткіштерін елді мекендерге есептегенде 75%, ал халық санына есептегенде 93,8 %.

2024 жылы Қопа және Жаңатаң елді мекендерінің құрылысы аяқталды. Халық игілігіне пайдалануға берілді. Дияр ауылы бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Аталған елді мекенді сумен қамту жүйесін іске қосқан  соң аудан бойынша елді мекендердің ортақтандырылған ауыз сумен қамтылуы 91,67 %, ал халық санына шаққанда  99,6 % көрсеткіштеріне қол жеткізетін боламыз.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің халық саны 200 адамнан кем елді мекендерді сумен қамтамасыз ету мақсатында, санитарлық сапа нормаларына сәйкес келетін суды тазартудың кешенді блок-модульдерін орнату  (КБМ немесе жеке ұңғымалар) ұсынылуда.

Қазіргі таңда Байғанин ауданы бойынша халық саны 200 адамға жетпейтін 5 елді мекен бар. Оның ішінде Айрық, Шұқырши, Жыңғылдытоғай елді мекендеріне кешенді блок модуль орнатылған.

Автомобиль жолдары бойынша

Аудан бойынша республикалық маңызы бар «Ақтөбе-Атырау» автомобиль жолының-125 шақырымы аудан аумағы арқылы өтеді.  Жергілікті маңызы бар -392,8 шақырым автомобиль жолдары бар.

Қазіргі таңда жергілікті маңызы бар жолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайының үлесі  59,4 % құрайды.

2024 жылы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық жағдайының үлесін жақсарту мақсатында 7 нысан бойынша бюджеттен жалпы сомасы 5,2 млрд теңге бөлінді. Барлығы 110,3 км жергілікті маңызы бар автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланды. Жоспар орындалуына сәйкес жақсы және қанағаттанарлық жағдайының үлесі  87 % -ға өзгеретін болады.

Ауылішілік автомобиль жолдарының құрылысы бойынша Ауылішілік жолдардың жақсы жағдайы 46 % немесе 21,2 км құрайды;

54 % немесе 24,8 км қанағаттанарлықсыз жол. 2024 жылға 8,7 км автомобиль жолдарын жөндеуге 1 022,6 млн теңге бөлінді.

Ноғайты ауылындағы темір жол вокзалынан Бейбітшілік көшесіне дейін – 1,2 км (193,2 млн.тг) Мердігер «Лидер НС Строй» ЖШС 2025 жылы пайдалануға беру жоспарлануда.

Қарауылкелді ауылындағы Асау батыр көшесін орташа жөндеу– 1,5 км (66,7 млн.тг) Мердігер «МКК Элит Строй Групп» ЖШС пайдалануға берілді.

Жарқамыс ауылындағы Орталық  көшесі -3 км (376,2 млн.тг) Мердігер «АК Актюбводстрой» ЖШС 2025 жылы пайдалануға беру жоспарлануда.

Қарауылкелді ауылындағы Қ.Жазықов көшесі – 1 км (135,5 млн.тг) Мердігер «Лидер НС Строй» ЖШС жыл  айына дейін пайдалануға беру жоспарлануда.

Көше жарығы

Қарауылкелді ауылындағы автомобиль жолынан Қ.Мұханбетқалиұлы атындағы мектеп-гимназиясына дейінгі көшені жарықтандыру жұмыстарына аудандық бюджеттен 23,9 млн теңге бөлініп, 923 метр ұзындықта жарықтандыру жұмысын «Qaz Build» мердігер  компаниясы жүзеге асырды.

Қарауылкелді ауылы, Болашақ көшесін электр желісімен қамту үшін құны 427,5 млн теңгеге жоба жасалып, қазір уақытша тоқтап тұр, өйткені «Интер газ Азия» АҚ-нан газ қорғау аймағына рұқсат алу жұмыстары жүргізілуде.

Байғанин орман және жауарлар дүниесін қорғау мекемесі

Байғанин орман және жауарлар дүниесін қорғау мекемесі 2024 жылдың 7 қарашасында құрылды. Штат саны – 3, нақты – 23. Рәсімделген жер көлемі – 30 мың га, оның ішінде орманмен көмкерілген – 8 мың га.

Жоспар бойынша 2 тәлімбақ: Жарқамыстан 50 мың га, Қарауылкелдіден 10 мың га жүзеге асырылады.

Жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен 2 дана су сору насостары, шұңқыр қазушы, автокөлік МЛПК, маторлы сырғы алынды. Ағымдағы жылы қосалқы бөлшектер мен құрал-жабдықтар 14,3 млн теңгеге сатып алынды.

«Ауыл денсаулығын жаңғырту»

«Ауыл денсаулығын жаңғырту» жобасы аясында Қосарал ауылында 20 адамға арналған медпункт құрылысы 173,4 млн теңгеге салынып, пайдалануға берілді.

Көкбұлақ ауылында 20 адамға арналған мед пункттің құрылысы – 174,7 млн теңгеге, Қораши ауылында 20 адамға арналған мед пункт құрылысы – 172,2 млн теңгеге, Қаражар ауылында 20 адамға арналған медпункт 184,8 млн теңгеге салынып, қолданысқа берілді. Кемерши ауылында құны 220,2 млн теңге тұратын 50 адамға арналған дәрігерлік амбулатория салынып, пайдалануға берілді.

Су тасқынының алдын алу бойынша

Су тасқынының алдын алу бойынша 17 іс-шара құрылып, орындалды. Ақтөбе-Астрахань тас жолының маңынан суағар арықтары жасалынды. «Жаңа құрылыс» көшесіне арықтар салынды.

«Шатыбай» және «Әулие» бөгеттері қалпына келтіріліп, Барақ батыр көшесінде орналасқан су өткізгіш құрылғы 2 дана сақина санымен қамтамасыз етілді. С.Бәйішев көшесіндегі тас жол бойындағы су өткізгіш құбыр қосымша 1 сақина санымен қамтамасыз етілді. Аудандық маңызы бар көтерме жол Қарауылкелді – Миялы бағыты 63 шақырым бетондалған қанаттар сала отырып құрылғы орнатылды. Баршақұм ауылын сағыз өзенінен өорғау мақсатында қорғаныс бөгеті салынды. Кемерши және Жаңатаң ауылын Жем өзенінен қорғау мақсатында қорғаныс бөгеті салынды.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button