Жаңалықтар

Жыл қорытындысы: Мұғалжар ауданы

Ауданда газдандыру және ауыз сумен қамту жұмыстары қарқынды жүруде

Мұғалжар ауданының елді мекендерінде тұрғын үйлерді газбен жабдықтау жұмыстары жалғасуда. 2024 жылы 556 тұрғыны, 100 үйі бар Жарық ауылына көгілдір отын берілді.
Ауданға қарасты Ащысай, Сабындыкөл, Бұлақты және Қожасай ауылдарына газ тарту жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар Саға, Көтібар және Құмжарған ауылдарына орталықтандырылған ауыз сумен қамту бойынша жобалық-сметалық құжаттамалар дайындалды.

Биыл ауданда жаңа мектептер пайдалануға берілді

2024 жылы Мұғалжар ауданында заманауи жаңа білім ошақтары салынып пайдалануға берілді. Жас ұрпақтың сапалы білім, саналы тәрбие алуына бар жағдай жасау мақсатында Ембі қаласында 320 орындық, Талдысай ауылында 100 орындық, Алтынды ауылында 60 орындық жаңа мектептер ашылды.

«Ауыл аманаты» – тиімді жоба

Бүгінде мұғалжарлықтар ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді жан-жақты қолдау, ел тұрғындарын аграрлық бизнеске тарту, азық-түлік қауіпсіздігі және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға байланысты мәселелерді шешу мақсатында жүзеге асып жатқан «Ауыл аманаты» мемлекеттік бағдарламасына ерекше ынта білдіріп отыр.
Жалпы «Ауыл аманаты» жоба­сы­­ның негізгі мақсаты ауыл тұрғындарының кәсібін дамытуға, олардың өрістеп, қа­на­тын кеңге жаюына ықпал ету болып табылады.
2024 жылы Мұғалжар ауданы Ауыл аманаты жобасы аясында 176 жоба ұсынып, оның ішінде 127 жобасы мақұлданды.

Қала көшелері жөнделді

2024 жылы Қандыағаш пен Ембі қалаларында жол жөндеу жұмыстары жүргізілді. Екі қаланың бірнеше көшелеріне асфальт төселді.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button