Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтөбе қаласындағы жедел басқару орталығына барды
Мемлекет басшысы Ақтөбе қалалық полиция департаментінің жедел басқару орталығының ғимаратын аралап көрді.
▪️Нысан өңірдегі 15 мыңға жуық бейнекамера арқылы жергілікті жердегі ахуалды нақты уақыт режимінде тәулік бойы бақылауға мүмкіндік береді.
▪️Орталықтың жедел залында 32 инспектор мен «102» шұғыл желісінің 3 операторы жұмыс істейді.
▪️Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ішкі істер министрінің орынбасары Сәкен Сәрсенов полиция қызметінде қолданылып жатқан цифрлық жобалар туралы баяндады.
▪️Қазір Ақтөбе облысында 5 жедел басқару орталығы жұмыс істеп тұр. Осы орталықтар арқылы өңірде 1,8 мың қылмыстық құқық бұзушылық ашылып, 187 мың жол жүру ережесін бұзу фактісі анықталған.
▪️Сонымен қатар Президентке ішкі істер органдары қызметінің тиімділігін арттыру үшін жасанды интеллект технологиясы қолданыла бастағаны туралы мәлімет берілді.
▪️Аталған технология бақылау камераларындағы бейнеге талдау жүргізіп, жоғалып кеткен азаматтарды табуға көмектеседі. Сонымен қатар арнайы платформаға жүктелген фотосуреттер арқылы күдіктілердің бет-бейнесін танып, қажетті мәліметтерді де ұсынады. Бұдан бөлек жол жүру ережесін бұзу фактілерін тіркеп, көлік қозғалысын қадағалауға жәрдемдеседі.
▪️Мемлекет басшысы осы бағыттағы жұмысты жалғастыру қажет екенін айтып, қоғамда заң мен тәртіптің үстемдігін қамтамасыз етудің маңызына назар аударды.
t.me/aqorda_resmi