Ән мен саздың мекенінің белесі
Мерейтой
Темір аудандық Шұбарқұдық балалар музыка мектебі — ұрпақ тәрбиесіндегі шоқтығы биік білім ордасы.
Өнерге құштар балаларды тәрбиелеп келе жатқан музыка мектебінде бүгінде 385 оқушы домбыра, қобыз, баян, вокал, хор, терме, фортепиано мамандықтары бойынша білім алуда. Мектеп оқушыларының жан-жақты дамуына жағдай жасалып, өнерпаздарымыз түрлі облыстық және республикалық байқауларда аудан абыройын асқақтатып келеді. Талантты шәкірттеріміздің шеберлігін шыңдап, үнемі ізденіс үстінде жүретін ұстаздардың еңбегі зор. Сапалы білім мен саналы тәрбие беріп келе жатқан балалар музыка мектебінің директоры — Сұңғат Жетенов. Іргесі 1979 жылы қаланған өнер ордасына биыл 45 жыл толып отыр. Осыған Темір аудандық білім бөлімінің басшысы Светлана Карабалинаның басшылығымен мектебіміздің 45 жылдық мерейтойын ұйымдастырылды. Облыстық деңгейде өткеніс-шараға барлық ауданның, Ақтөбе қаласы музыка мектептері мен өнер мектептерінің директорлары мен орынбасарлары қатысты. Іс-шара аясында Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының қосымша білім беру және тәрбие бөлімінің әдіскері А.Нарегееваның ұйымдастыруымен «Балаларға қосымша білім беру жүйесінің басқару тиімділігін арттыру» тақырыбында облыстық әдістемелік семинар өткізілді. Семинарға қатысушыларды Темір аудандық білім бөлімі басшысы С.Карабалина құттықтап, қосымша білім берудің ұрпақ тәрбиесіндегі маңызына тоқталды. Сондай-ақ Қазанғап Тілепбергенұлы атындағы Шалқар ауданының саз мектебінің директоры Г.Үмбетова, балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығыныңдиректоры Ш.Жеткергенова, №1 балалар музыка мектебінің директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Д.Алданазарова, Шұбарқұдық балалар музыка мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Ж.Ихласова өз тәжірибелерімен бөлісті. Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар мен алғыс хаттар табысталды. Шұбарқұдық балалар музыка мектебінің басшысы қызметін ұзақ жылдар атқарған Нәбира Қожабайқызыбілім ордасына заманауи үлгіде оқушыларға керекті көрнекіліктерімен кабинет жабдықтап берді. Облыс көлемінде ұйымдастырылған іс-шара «Жарқыра, жарық жұлдыздар!» атты шығармашылық концертпен жалғасты.
Мектеп директоры С.Жетенов республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының Алғыс хатымен және ұстаздарымыз Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіподағы, Ақтөбе облыстық білім басқармасы, облыстық әдістемелік орталығы, «Дарын» ғылыми-тәжірибелік орталығы Алғыс хаттарымен марапатталды. Зейнеткер ұстаз Нәбира Ешімқұлова Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы мен Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіподағының төсбелгісіне, Алғыс хаттарына ие болды.
Светлана ЕСЕНЖОЛОВА,
Шұбарқұдық балалар музыка мектебінің тәрбие ісінің орынбасары.
Темір ауданы.