Мәдениет

Филармонияның бейнебаяндары

Тұсаукесер

Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясының қоры төрт бірдей бейнебаянмен толықты. А.Жұбанов атындағы қазақ халық аспаптар оркестрі, қазақ камералық хоры және «FORZA» квартеті қатысқан бейнебаяндар түсірілімі қаламыздың көрікті жерлерінде, сонымен бірге Оңтүстік Корея мен Әзірбайжан мемлекетінде түсірілген.

Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясының директоры Дина Ниязованың айтуынша, қазақ камералық хоры — қазақстандық хор ұжымдары арасында бейнебаян түсірген алғашқы музыкалық құрам. Ал қазақ халық оркестрі мен «FORZA» тобының бейнебаяндарыотандық және халықаралық деңгейдегі шығармашылықты дәріптеу мақсатында түсірілген.

Бұл мәдени жоба — Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Креативті экономика дарынды әрі шығармашыл адамдарды өзіне тартатын ірі қалалардың дамуына ықпал етуші күшке айналды», — деген тұжырымына сәйкес, өнер сүйетін ұрпақтың санасына қазақ өнерін кеңінен насихаттауға арналған бастама.

Бейнебаяндағы музыкалық шығармалар қайта өңделіп, жаңа форматта түсірілді. Бір жылда төрт бейнебаян түсіру зор шығармашылық еңбекті талап етеді. Филармония ұжымы үшін бұл — үлкен жетістік. Жерлес композитор Аймұрат Мәжікбаев пен ақын Гүлнар Жұбаеваның әні мен сөзіне жазылған«FORZA» тобының орындауындағы «Родина» әні Ақтөбе қаласының 155 жылдық тойына арнаған тартуы. Одан бөлек қазақ халық аспаптар оркестрінің орындауындағы Қазанғап Тілепбергенұлының «Ақжелең» күйіҚарғалы өзені бойында түсірілді. Ақтөбенің әдемі табиғатын көрсететін бейнебаян көптің көңілінен шықты, — деді Д.Ниязова.

Оркестрдің көркемдік жетекшісі ҚР еңбек сіңірген қайраткері Дәурен Ғылымов болса, дирижері Мадина Қабижанова. Бұл екі шығарманың бейнебаяны Ақтөбе қаласында өмірге келді. Қазақ камералық хор ұжымының орындауындағы Ескендір Хасанғалиевтің «Жанарым» әні Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында, халық әні «Он алты қыз» Әзірбайжанның Баку қаласында түсірілген.

Бұл екі бейнебаян — Қазақстан бойынша хор ұжымдары арасындағы алғашқы еңбек. Бұған дейін еліміздегі хор ұжымдары бейнебаян түсірмеген. Мақсатымыз — қазақ өнерін шетелге таныту. Түсірілім кезінде шетелдік азаматтар біздің әуеннің ырғағына билеп, тіпті ол әндердің атауын сұрап, жазып алды. Бейнебаянға көрермен болып түскендер де бар. Көпшілігі хор ұжымы десе тек опералық әндерді сапта тұрып, бір деммен айту деп түсінеді. Алайда көркемдік жетекшіміз Мербол Құспанов пен режиссер Қайрат Болысбектің еңбегінің арқасында бұл туындыда өзіміздің мүмкіншілігімізді көрсетіп, жаңа қырымыздан танылдық деп ойлаймын. Бұл жерде ән де бар, би де бар, — деді әнші Өркен Сағиев. Тың­дар­ман­ға жол тарт­қан бейнебаян­ды Жоламан Абуталиптің «Abutalip Films» ұжымы түсірген.

А.НАҒАШЫБАЙҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button