Мәдениет

Жансая — ауданның үздік әншісі 

Байқау

Темір аудандық Мәдениет үйінде дәстүрге айналған жоба биыл да жалғасын тапты. Осымен қатарынан 3-ші жыл өткізіліп отырған «Темір дауысы — 2024» байқауы әртүрлі сала мамандарын бір арнаға тоғыстырды.

Байқаудың мақсаты да сол — түрлі салада еңбек етіп жүрген әнге құмар жігіттер мен қыздардың өнерін көпшілікке паш ету, жұртшылыққа мәдени-рухани демалыс сыйлау.

Бас жүлдеден үмітті 9 қатысушы талап бойынша әуелі темірлік авторлардың әнін орындаса, артынша ретро туындыларды шырқау керек болды. Олардың өнерін аудандық Мәдениет үйінің, халықтық әжелер ансамблінің өкілдері, мәдениет саласының майталмандары бағалады.

Қазылар алқасының шешімімен Кеңкияқ орта мектебінің мұғалімі Жансая Нұралы жеңіске жетті. Одан кейінгі жүлделі орындарды Қызылжар орта мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қымбат Жоламанова, Бабатай орта мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Жұлдыз Атшыбаева, ауыл тұрғыны Темірлан Өтеген иемденді. Жеңімпаз бен жүлдегерлерге диплом, ақшалай сыйлықтар табыс етілді.

Айәли АЙБЕК.

Темір ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button