CarGoRuqsat» қосымшасының электрондық кезегі
Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2024.11.27. бастап Ақтөбе облысының «Жайсан» автомобиль өткізу пунктінде «Cargoruqsat» электрондық кезек жүйесін енгізу бойынша жобаны іскеқ осу жоспарланып отырғанын хабарлайды.
Қазақстан аумағынан автомобиль өткізу пункттері арқылы шығуды жоспарлайтын тасымалдаушылар «CarGoRuqsat» қосымшасы арқылы электрондық кезектен орын брондауы қажет.
Ол үшін https://cgr.qoldau.kz/start сілтеме бойынша өтіп, «CarGoRuqsat» тіркеліп және қосымшасына кіріп, өткізу пунктін тандап, шекарадан өту күні мен уақытын көрсетіп, жүргізуші мен автокөлік туралы мәліметтерді толтыру қажет.
Өтінім мақұлданғаннан кейін шекарадан өту үшін өткізу пунктіне уақтында келу қажет.
Сервис «Qoldau.kz» цифрлық платформа негізінде іске асырылды.
«CarGoRuqsat» электрондық кезек жүйесінің міндеті тасымалдаушыларға кезекті алдын ала брондау және ақпараттық жүйелерде қажетті құжаттарды тексеруді автоматтандыру мүмкіндігін беру болып табылады.