Еңбекпен шыңдалған маман
Металлург болу төзімділікті, күш-қайрат пен зор жауапкершілікті талап етеді.
Хромтау ауданындағы Дөң тау-кен байыту комбинатында еңбек етіп жүрген Нұрлан Жанайдаров— замандастарына осындай қасиеттерімен үлгі болып жүрген жас металлург. Комбинатқа зерттеуші инженер болып келген жас маман бүгінде учаске басшысы дәрежесіне дейін көтерілді. Нұрлан Жанайдаров мамандағының қыр-сыры туралы айтып берді.
Ол — комбинаттағы бесленді жастың бірі. Еңбекте алғыр жігіт өз қатарластарының алды.
Нұрлан Қандыағаш қаласындағы орта мектепті бітірген соң, Алматыдағы Қазақ Ұлттық техникалық зерттеу университетінің металлургия мамандығына оқуға түседі. 2016 жылы университетті тәмамдап, қолына диплом алады.
—Бұл бір ерекше сәт болатын. Университетті аяқтап, болашаққа деген нық қадаммен Ақтөбе ферроқорытпа зауыты, Ақтөбе мыс комбинаты және Дөң тау-кен байыту комбинатына түйіндемемді тапсырдым. Түйіндемені қазақ тілінде жаздым. Қай зауыттан хабар келеді деп күтіп жүрдім. Бірінші болып Дөң тау-кен байыту комбинатынан хабарласты, — дейді Нұрлан.
Жас жігіт қатты қуанады. Осылайша комбинаттың технологиялық зертхана бөліміне зерттеуші инженер болып еңбекке орналасты. Нұрлан жұмысқа қызу кірісті. Алайда ауылда қазақы отбасында тәрбиеленген жігіттің орыс тіліне шорқақтығы қиындық келтірді. Бірақ алғыр жігіт бұған қамықпады. Аз уақыттың ішінде орысшаны тәуір меңгеріп алды. Өз ісіне тиянақты маман әріптестерінің сеніміне ие болды.
—Еңбек жолымды технологиялық зертханадан бастағаныма қуанамын. Себебі бұл жерден көп нәрсені үйрендім, біліктілігімді арттырдым. Кен құрамын зерттеу, бақылау, талдау, ұсақ кендерді кесектеу, өндірістегі түрлі қондырғылардың көмегімен кендерді бөліп алу және хром кенін байыту әдістерін толық меңгердім, — дейді маман.
Жасмаманжан-жақтыболуы керек. Нұрлан тек жұмыстығанаемес,қоғамдықіс-шараларға да белсендіқатысады. Дөң тау-кенбайытукомбинатының 80 жылдығынаорайұйымдастырылған «Туғанкүніңмен, сүйіктікомбинатым!» поэзиялықкешіндежүлделі І орыниегері, «Үздік маман-2019» сайысында ІІ орын иегері атанды. «Қазхром» ТҰК» АҚ 2022 жылғы «Үздікжасмаман» иегеріболса, облыстық «Жасмаман» сайысыныңжеңімпазы атанды. Республикалық сайыстың үміткері болды. Ғылыми техникалық конференцияда өз жобаларын қорғап, бірнеше жыл қатарынан жеңімпаз атанды. 2023 жылғы инноваторлар форумы жеңімпазы болды. Поэзия кештерінде өлең оқиды. Қоғамдық жұмыстарға белсене араласады. Цехтарарасында ұйымдастырылатын түрлі жарыстарда Нұрлан бастаған жігіттер үнемі үздіктердің қатарынан көрінеді.
Комбинат басшылығы жұмысқа жаңа келген жастарды қашанда қолдауға әзір. Әсересе тың идеясы бар мамандарға ерекше көңіл бөледі. Нұрлан — 2019 жылдан бастап «Идеялар фабрикасындағы» белсенді жастың бірі. Цех атынан бастама ретінде ірі идея ұсынып, ол ғылыми-зерттеу орталығына жіберілді. Нәтижесінде «Идеялар фабрикасының» тоқсандық қорытындысы бойынша арнайы номинациялар иегері атанды. Жалпы, «Идеялар фабрикасына» 100-ден астам ұсыныс түсірген. Қазіргітаңда соның 80 пайызыжүзеге асырылды.
Нұрлан өзі жұмыс істейтін комбинаттың шламды қалдықтарды байыту учаскесінің жұмысы оңай емес екенін айтады.
— Шламды қалдықтарды байыту жобасы — әлемдегі бірегей, баламасы жоқ жоба. Жобаның жүзеге асыру барысында білім мен тәжірибеге сүйендік. Соның арқасында жобаға бірнеше өзгерту енгізіп, тұрақты жұмыс процесін қалыптастырдым. Жалпы, металлургия саласы ауыр әрі кәсіби біліктілікті қажет етеді. Қазір осы салада еңбекқор, жауапкершілігі жоғары жандар жұмыс істеп жатыр. Әрқайсысының жауапкершілігі зор. Ұжымның бірлігі қай уақытта да маңызды. Сондықтан әріптестерімнің ауызбіршілігі мол,— дейді Нұрлан.
Нұрлан аз ғана еңбек өтілінде өзін сан қырынан көрсетіп жүр. Ол өзінің болашағын комбинатпен байланыстырады. Себебі бұл жерде білікті маманға қашанда қолдау бар. Еңбек еткен жас елеусіз қалмайды. Нұрланның алға қойған жоспары көп. Отбасын құрып, еңбек жолында әрі қарай жетістікке жеткісі келеді. Қолы бос уақытында өлең оқиды, кітап ақтарады.
Кәмшат ҚОПАЕВА.