Egov.kz арқылы жер учаскесіне құқықтар алуға болады
Бүгінгі күні eGov.kz порталында жер учаскесіне құқықтар алуға болады.
Қызметті пайдалану үшін eGov.kz порталына кіріп, «Жылжымайтын мүлік» – «Жер қатынастары» бөлімінен «Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу» қызметін таңдау қажет.
Содан кейін келесі қарапайым қадамдарды орындау қажет. Біріншіден, құқықтың түрін таңдау, жер учаскесінің мақсатты нысанын көрсетуіңіз керек, содан соң жерді пайдалану мерзімін көрсетіп, керекті аймақты таңдау және жер учаскесінің болжамды орналасқан жерін көрсету қажет.
Одан кейін «Қоғамдық кадастрлық Картаға өту» түймесін басу үшін картаға көшу керек. Егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сәйкес жер учаскесін сызады. Сызба жасалғаннан кейін жер учаскесінің схемасы автоматты түрде жасалады, оны өтініш беруші жүктеп алып, көре алады. Сондай-ақ жер учаскесінің алдын ала болжамды құны белгіленеді (базалық мөлшерлемелер болған жағдайда). Жылжымайтын мүлік бірыңғай мемлекеттік кадастры ақпараттық жүйесі сұралған бөлім үшін жасалған құжаттарды Порталға автоматты түрде жібереді.
Одан әрі құрылыс мақсатында жер учаскесін сұраған кезде сауалнама толтырып, ЭЦҚ арқылы ұсынысқа қол қоямыз. Өтініш веб-сервис арқылы жергілікті атқарушы органның (әрі қарай – ЖАО) ақпараттық жүйесіне жіберіледі.
ЖАО бекітілген қала құрылысы құжатына (егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы, бас жоспар) сәйкес жер учаскесін болжанатын мақсатқа беру мүмкіндігін айқындайды, жер учаскелерін бөлу схемасын қалыптастырады, мемлекеттік мекемелермен және ұйымдармен келісу рәсімдерін жүзеге асырады. Келісуші органдар мен үйымдардан оң қорытынды келіп түскеннен кейін жер учаскесін беру схемасы келіп түскен сәттен бастап өтініш берушіге жер учаскесін сауда-саттық қою туралы хабарламаны алуға келісім беру және қарау үшін жіберіледі.
10 күн ішінде схема өтініш берушімен келісілуі керек. Келісілген схема шешім дайындау үшін ЖАО ақпараттық жүйесіне жіберіледі. Қажет болған жағдайда шешім қабылдау үшін қосымша құжаттар қоса беріледі.
ЖАО басшысы қол қойған жер учаскесіне құқық беру туралы шешім жобасын дайындайды. Жер учаскесіне құқық беру туралы шешім және ЖАО қол қойған шарт, сондай-ақ сәулет-жоспарлау тапсырмасы жер учаскесі құрылыс мақсатында берілген жағдайда Портал арқылы өтініш берушінің жеке кабинетіне жіберіледі.
Қосымша ақпараттарды Алтынсарин көшесі, 2 мекенжайында орналасқан «Ақтөбе қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ және «Ақтөбе қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-нен алуға болады.
Ақтөбе қаласы әкімі аппаратының ақпараттандыру және мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін үйлестіру бөлімі. |