АЭСРеферендум

Болашаққа бағдаршам

Марат МҰҚАШЕВ,
Ырғыз аудандық «Арай» мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі

Мен Президент Жолдауын ұжымдағы әріптестеріммен бірге отырып тыңдадым.

Сонымен АЭС бойынша референдум 6-қазанда өтетіні белгілі болды. Мемлекет басшысы әлемде энергия тапшылығының күшейіп бара жатқанына ерекше тоқталып өтіп, атом энергетикасын дамытуға баса мән беру керек екенін атап өтті.
Сондықтан Қазақстан болашаққа қадам жасауы керек. Сонымен бірге салық бойынша енді мәжбүрлеу шарасы азаятын болды.
Президенттің ауыл шаруашылығына қатысты айтқаны да көңілден шықты. Субсидия бойынша арнайы комиссия 2 миллион ірі қара және 3 миллионнан астам уақ мал санда бар, санатта жоқ екенін анықтапты.

Егін шаруашылығы саласында да осындай жайттар бар екені белгілі болды. Қысқасы осындай заңсыздық жасағандарды жазалау күшеймек. Жер телімдерін бәленбай гектар етіп алып, пайдаланбай жатуға қатысты да тексеріс артатыны айтылды
Орманды алқаптар елімізде өте аз екені белгілі. 5 пайызға да жетпейді. Орманды алқаптың санын арттыруға қатысты былай дейді: «Семей орманы» аясында орман тұқым бағы бар.

Бұл – Орталық Азиядағы халықаралық озық талаптарға сай көшет өсіретін бірден-бір кешен. Осы жобаны басқа да орманды аймақтарда іске асыру керек».
Ауыл әкімдерін сайлауға қатысты айтып, 2021 жылдан бері 2,5 мыңға жуық әкім сайланғанын айтты.

Яғни 90 пайыз ауылдың әкімін сайлау өткен, олардың ішінде 60 пайызы бұрын мемлекеттік қызметте болмағандар деген ақпаратты келтірді. Бұл үрдіс жалғасады дейді.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button