АЭС

Негізсіз үрейге бой алдырмайық

Естай СИСЕНБАЕВ, Ақтөбе облыстық мәслихат депутаты:

Елімізде энергия тапшылығы бар. Біздің облыстың өзі қажетті қуаттың жартысына жуығын көрші елдерден сатып алып отыр. Қазан айында өтетін референдумда АЭС салу мәселесі қаралады. Осы ретте мамандардан «Егер АЭС салынса қалдықтары қалай өңделеді? Оның зияны қандай болады» деп сұрап жатырмыз. Олардың айтуынша, өндірістен қалдық өте аз мөлшерде шығады екен. Егер өндіріс салынса, бұндай мәселелердің барлығы егжей-тегжейлі зерттеліп, қарастырылады. Сондықтан еліміз үшін маңызды мәселеде әр адам өзінің пікірін білдіргені орынды.
АЭС салуды қолдау жөніндегі облыстық халықтық штабы құрылды. Оның құрамына 6 саяси партияның аймақтағы белсенділері, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері және әртүрлі саланың мамандары бар. Біз қазір қалада, аудандарда сайлаушылармен кездесіп жатырмыз. Басты мақсатымыз — АЭС салудың маңыздылығы мен артықшылығын жеткізіп, жұрт арасындағы негізсіз үрейлерді сейілту.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button