Құрметті Ақтөбе облысының кәсіпкерлері!
Ақтөбе облысының кәсіпкерлік басқармасы 2024 жылдың 26 қыркүйегінде сағат 15:00-де бақылау және қадағалау органдарының, жергілікті атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің және «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің қатысуымен «БІРЫҢҒАЙ ЕСЕП БЕРУ КҮНІ» өткізілетіндігі туралы хабарлайды.
Бірыңғай есеп беру, Аққағаз Досжанов атындағы конференц-Холл залында (Ақтөбе қаласы, Маресьева көшесі, 74 «А») өткізу жоспарланып отыр, оның мақсаты кәсіпкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру, бақылау-қадағалау қызметінің реформасын іске асыру шеңберінде мемлекеттік бақылау және қадағалау мәселелері бойынша заңнаманың міндетті талаптарын бұзудың жүйелі алдын алуды дамыту болып табылады.
Іс-шара шеңберінде сізде бақылау-қадағалау органының қызықтырған сұрақтарын қоюға және нақты жауап алуға мүмкіндік бар.
Жоғарыда айтылғандарға байланысты, осы іс-шараға қатысуға ниет білдірген кәсіпкерлерді а.ж. 23 қыркүйегіне дейін: pred2023@mail.ru электрондық мекен-жайы немесе 8 (7132) 410-444 (ішкі:111, 112,113) нөмірі бойынша тіркеуден өтуіңізді сұраймыз.