Александр МӘРУАҰЛЫ
Александр Мәруаұлы 2004 жылы 23 тамызда Мәртөк ауданында дүниеге келген.
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің филология факультетінде оқиды.
Өлеңдері 2020 жылдан бері баспаөзде, соның ішінде республикалық басылымдарда жарияланып келеді.
2023 жылы республикалық «Әдебиет. Рух. Қоғам» әдеби байқауында Төлеген Айбергенов атындағы жүлдеге ие болды.
Көптен бері тарқамай бұлай шерім,
(Қиын, сірә, бәріне құлай сену)
«Өмір неге аяулы, білесің бе?» —
Сен Құдайды сүйесің,
Құдай сені.
Ізгіліктің сәулесін сенен көріп,
Көз алдымда келесің кемелденіп.
Көңілімде күмән боп тұрады ылғи,
Өмірімде қалғаның өлең болып…
Бәлкім, кейбір кездерде қалғыдым көп,
Сен бірақ та білесің барлығын, тек —
Қандай жағдай болса да тағдырыңда,
Жүрегіңмен, жаныңмен қал күлімдеп!
Сәл жымисаң, жүзіңнен жұлдыз көрем,
Жұлдыз көрем, өзің бе —
Үр қыз деген.
Сәттеріңді қия алмай тұр ма екенсің?
Жанарыңды ала алмай күнтізбеден,
Жанарыңды ала алмай күнтізбеден!
***
Әлдебіреу үзіліп жүрегімнен,
Ізгі бақыт жолына тіледім мен.
Сақта, Құдай, сол жанды қайғырудан,
Сақта, Құдай, сол жанды түнеруден.
Арманы бар аяулы асқақ, анық,
Жүрмесінші жанарын жасқа малып.
Жалғыз ғана жырыма жұбана ма,
Тағдырынан табылмай басқа амалы.
Тынысыма татымай қаншама дем,
Бәлкім, ақын ажалы: аңсап өлер.
Көңіл-айнам үнемі шағылатын,
Көлеңкесін жоғалтып алсам егер.
Тауысайын шерімнің несін айтып,
(Будақ бұлттың барады көші қайтып)
Ең бір асыл адамға айналады ол
Ғұмырында ешқашан жасымайтын.
Жолығуға әрдайым жан асыққан,
Адастырмай апарар жол ашық па?
Оның мәңгі бақытын өшпестей қып,
Құдай жазып қойыпты қарашыққа!
Оқи алсам…
***
Сенің нұрлы көзіңдегі қоңыр рең,
Жеңілгенің емес, күнім, өмірден.
Бақытсыздық деп ойлауға бола ма,
Жалғыздықты жүрегіңнен көрінген.
Сенің мұңлы көзіңдегі қоңыр рең,
Сырың шығар оңашада сөгілген.
Қара жердің қай түкпірі жұтты екен,
Моншақ-моншақ тамшыларды төгілген.
Сенің тұмса көзіңдегі қоңыр рең,
Неге мұнша кетпей қойды көңілден.
Содан бері сызат түсіп сенімге,
Содан бері сөгілгендей көп іргем…
Сенің мөлдір көзіңдегі қоңыр рең,
Қандай кезің, қандай сәтің егілген?
Айналаңа күлімсіреп қарайсың,
Жанарыңды сүртіп тұрып жеңіңмен.
Сенің көркем көзіңдегі қоңыр рең,
Қоңыр реңге көп өлеңім көмілген.
Сол қоңыр рең арашалап қалардай,
Мен қорықпай келем, Нұрым, өлімнен.
… Солғын тартса көзіңдегі қоңыр рең,
Менің сәтім олөмірден жеңілген.
***
Құдайға болмағасын мақтар ісің,
Маңдайға қайтып содан бақ дарысын.
Тілектер —
тағдырыңды жұбатар сөз,
Суреттер —
өлгендердің жоқтаушысы…
Айналып кететіндей түс өңіме,
Абдырапқалыңойғатүсе берем.
Үзілгенғұмырымныңүнімеекен,
Үзілгендомбырамныңішегіме?!
Ендігіестеліккеелеңетем:
Көнемұң.
Көнепенде.
Көнемекен.
Адамдартаусылатынуақытында —
Айнаданайнакөріпөледіекен.
Дерттібопдәруіштейжыртықойдан,
Жанымныңтүсінетінжұртықайда?
Жұмақтаменіңсәбижүрегімжүр,
Пердесінәкесініңтүртіпойнап,
Пердесінанасыныңтүртіпойнап.
Сөккендеқараңғыныжарықүнім:
Бітермежанбіткенніңжабығуы,
Бітермежанбіткенніңқамығуы?
Кешірмені,
Кешірмені,көктемніңсарыгүлі!..
***
Папа, қалайсың?
Қалайсың, жақсы ма жағдайың?
(Жаныңды сарғайтып әр уайым)
Шөліркеп жүрсің бе мейірімге,
Тәттіні аңсай ма таңдайың.
Папа, қалайсың?
Белің де қалыпты-ау құрысып,
Зіл қайда,
Алатын ұрысып.
Ал мен ше,
Баяғы қалпыммен
Бөлмемде отырам түн ішіп.
Папа, қалайсың?
Мен бүгін сабақтан бес алдым,
Мәзболдың, тағы да жасардың.
Өткінші, өтпеліжеңістер
Сені де қуантарқашанғы?
Папа, қалайсың?
Ойларғажетемдепеңұлы,
Соданба,
Көпқалдыкөңілім.
Түймеңдіағытыптағдырға,
Уа, неге, тымқиынсөгілу.
Папа, қалайсың?
Кеудеңдекүлқалса, өртеп от,
(Өскен де шығармынеркебоп)
Еңұлыойлардыңартында
ЕңұлыАдамныңтұрғанын
Неліктенайтпадыңертерек.
Папа, қалайсың?
Жадыңдажаңғырсамөлеңбоп,
Солжетер,
Кетпейіктереңдеп.
Жасырыпжүргеніңсоданба,
Жалғызымойларданөлердеп.
Көзалдымбұлыңғыр, тұманшын,
Көзімеқарашы,
Ұғарсың.
Сен бәрінтүсінгеншығарсың,
Сен сосынкүрсінгеншығарсың,
Папа…
Қалайсың?
***
Жүрегіңе Хауаның нұры тамған,
Мен өзіңді ешқашан ұмыта алман.
Менің мең-зең ойымды түсіне алар,
Саған ғана жанымды ұсына алам.
Алыстасаң, аяулым, қарашықтан
«Мұңаямын содан соң, адасып қап».
Үмітімді жел айдап, үзе ме деп,
Сүйенейін алаңсыз тізеңе кеп.
Жетелесе өлеңнің тереңдігі,
Сонда жалғыз бақытым, көрер мұңым.
Кеудемдегі дертімнің дауасындай,
Табылар ма ғаламнан жан осындай?!
Жанарыңа жасырып әлденені,
Байғұс көңіл сол үшін сенделеді.
Пенде емеспіз, жарығым, бақыты кем,
Мүмкін бәрі оңалар уақытымен.
Табылғанда мәңгілік бақ тұрағы,
Екеумізге тірліктің тәтті бәрі.
Басар ма екен жаныңды мұң сыздаған,
Маңдайыңнан сүйгенім үнсіз ғана,
Маңдайыңнан сүйгенім үнсіз ғана…
***
Апа-ау,
маза бермейкеледібіресерой.
Қажыпкетем,
Қайтейін,
Күресемғой.
Қубасым мен қуарғанжанымдыұстап,
Иығыңаалаңсызсүйесемғой.
Апа-ау,
қайдаапарыпсоғамынмынабасты?
(Кімдерменіңойымақұлақасты?)
Барлығынанкөрінбейбірбақытым,
Тағдырымнанкеледітұрақашқым…
Апа-ау,
көрмесем де бағамдыбүтіналып,
Өзжүлдемдікелемінұтыпанық.
Қайрантірліксені де тартыпкетті-ау,
Ошақ-басы ойыңдыжұтыпалып…
Апа-ау,
қолыңдағықалам ба, оқтауыңне?
Бірақ, бірақөмірдентапқаныңкөп.
Сағанбәрінайтсам да, тарқамапты
Ішімдегідерттеніпжатқаніндет.
Апа-ау,
күпірсөздентүбіндекүйедіерін,
МадағыңдыүзбешіИеңемың.
Шаршаймынғой,
Шалдығам,
Апа, сосын…
Иығыңаалаңсызсүйенемін.
Апа-ау,
аңғалболсам, ініңдісөкпешікөп,
Мен боздармынжасыңдытөкпешідеп.
Інім, інімдепелеңеткенкезде
Етегіңесүрініпкетпеші тек…
Жаным, апа-ау!..
Алмаағаш
ЕңәуеліперіштеедіІбіліс,
Тәңірінежасағандакүдікіс:
— Отпын, — деді
— Бұтопырақ не теңім?!
Көмейіненшығакелдібөтенүн.
(Олосылайтопырақтыжазғырған,
Олосылайөзін-өзімәзқылған.)
— Періштеғой, —деймінәлікүбірлеп,
Періштеніуа, кімекен, азғырған?
Мүмкін,меніңайтқаным да жалғанән,
… Жауапсыздықжүрегімдіқорлаған.
Біздің баба — Адам Ата,
Хауа Ана,
Біздің тірлік бастау алған алмадан.
Әлі қанша соғылады жарға бас?
(Ажал айтпай келем дейді, ол да рас)
Сен Құдайғакүнәлісің, алма ағаш,
Сен адамғакиелісің, алма ағаш.
Содан бері жақын өлді, жат өлді
Қара жер де көп қайғыны көтерді.
Адам ата, сені азғырған Ібіліс,
Тіршіліктің бастауына әкелді.
От кеудемде ойран салса жүз күдік,
Қайран үміт бара жатыр үздігіп.
Сен мәңгілік жасап келе жатырсың,
Азғырудан бастау алған ізгілік.
Тағдырым-ай, асып түскен арнадан,
Тірлігім-ай сан құбылып сарнаған.
Мен содан соң қарай берем сүйсініп,
Бала біткен асап жүрген алмаға.
***
Ауыл жақта бар еді үш төбешік.
Жусандары бір-бірімен тел өсіп,
Тербетеді майда самал жел есіп,
Кешкі іңірде мал қайтады жайлаудан
Содан кейін мүңкіп тұрар көң исі.
… Ауыл жақта бар еді үш төбешік.
Ойынымнан оралғанда түс ауа
(Ержеткенше санамды кім тұсаған?)
Үш төбешік… менің асыл үш ағам,
Әкем қалай өлмей жүрген құсадан?
Шешем қалай өлмей жүрген құсадан?
Ғұмырымда кетпегенмен көп есем,
Іні болып енді кіммен кеңесем?
Үш төбешік… мені қорғап жүреді,
Ауыл жақта қалып қойды демесең.
Шын батылым жетпегенмен кей іске,
Кездерім бар қуанышпен түйіскен.
Сүйенерің жоқ демеші
Уа, Тағдыр,
Үш төбешік ағам жатыр,
Тиіспе.
Жүрегіме орнағасын күйік боп
(Ер болмасам, түсіме кір, кейіп кет)
Үш төбешік… қайран менің үш ағам,
Өздеріңнен қайда барам биіктеп?
Бейітіне барған кезде түс ауа,
Әлі күнге қуат алам, күш алам.
Ауыл жақта үш төбешік бар еді,
Қалай өлмей жүр екенмін құсадан?..