Еуразиялық экономикалық одақта тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымды және салық салынатын импортты айқындау
Мыналар салық салынатын импорт болыптабылады:
- Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген (әкелінетін) тауарлар (осы Кодекстің 451-бабының 2-тармағына сәйкес (қосылған құн салығынан босатылғандарды қоспағанда) импорт болып табылады.
- Қазақстан Республикасының аумағына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағынан әкелінген алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімдері болып табылатын тауарлар салық салынатын импорт болып табылады.
Мыналар салық салынатын импорт болып табылмайды:
- Кейіннен Қазақстан Республикасының аумағынан қасиеттері мен сипаттамаларын өзгертпей әкетілетін тауарларды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелу;
2.Бұрын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағына уақытша әкетілген тауарларды қасиеттері мен сипаттамаларын өзгертпей Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелукүнінен бастап екі жылдан аспау қажет .
Осы тармақтың ережелері:
- жылжымалы мүлік пен көлік құралдарын мүліктік жалдау (жалға алу) шарттары бойынша;
- көрмелер мен жәрмеңкелерге тауарларды уақытша әкелу кезінде қолданылады.
Уақытша әкелінген тауарлар әкелу күнінен бастап екі жылдан астам Қазақстан Республикасының аумағында болған жағдайда, мұндай тауарларды әкелу салық салынатын импорт болып танылады және мұндай тауарларды есепке алуға қабылдаған күннен бастап импортталған тауарлар бойынша осы Кодексте айқындалған тәртіппен және мөлшерде қосылған құн салығы салынуға жатады.
- Жанама салықтар Қазақстан Республикасының аумағына:
1) жеке тұлғалар кәсіпкерлік қызметті мақсат етпей әкелетін тауарларды;
- тауарларды бір заңды тұлға шегінде беруге байланысты Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің аумағынан әкелінетін тауарларды импорттау кезінде алынбайды.
- Салық төлеуші тауарларды әкелу (әкету) кезінде салық органдарын хабардар етуге міндетті.
Қазақстан Республикасының аумағына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құрмай қызметін жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлға тауарларды уақытша әкелген кезде, тауарларды уақытша пайдалануға алған Қазақстан Республикасының салық төлеушісінде хабарлама беру міндеті туындайды.
ЕАЭО елдер шеңберінде ҚҚС
әкімшілендіру басқармасы