Басты жаңалықтарМереке

Олар — тыныштық пен тұрақтылықтың қорғаны

23 маусым — полиция күні

1992 жылы 23 маусымда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары туралы» Заң қабылдаған болатын.Бұл Тәуелсіз еліміздің полициясының қызметі мен міндетін анықтайтын алғашқы құқықтық акт болды.Ал 2007 жылы 5 маусым күні Мемлекет басшысының Жарлығымен 23 маусымды Полиция күні деп бекітті.

Қазақстан полициясы — қоғамдағы құқықтық тәртіпті, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін еліміздегі аса маңызды құрылымдардың бірі. Полицейлердің кәсіби біліктілігі мен сертіне беріктігінің арқасында қоғамда тұрақтылық қалыптасып, адамдардың құқық қорғау органдарына сенімі арта береді.

Біз мереке қарсаңында ел игілігі жолында жемісті еңбек етіп жүрген полиция қызметкерлерімен тілдескен едік…

КАПИТАН АЛМАТ

Қоғамдық тәртіпті нығайтып, тұрғындардың қауіпсіздігін басты назарда ұстауда полиция қызметкерлерінің еңбегі зор. Қарбаласқа толы қызметте асқан қырағылық пен табандылық көрсету екінің бірінің қолынан бермейді.

Мұғалжар аудандық полиция бөлімі азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау тобының инспекторы, полиция капитаны Алмат Бақыткерейдің осындай қиындығы мол саладаеңбек етіп келе жатқанына 9 жыл болған. Алғашында аудандағы жол-патрульдік полиция бөліміне қызметке орналасқан ол тәжірибе жинаған соңқазіргі қызметіне ауысқан.

— Жалпы кез келген полиция қызметкерінің міндеті — қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау, заңбұзушылықтардың жолын кесу. Ол үшін бізге қойылатын талап — тәуліктің кез келген уақытында, сондай-ақ ауа райына қарамастан шақыртуларға бару, оқыс оқиғаларға дайын болу. Қазіргі таңда азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау тобындағы инспекторлар азаматтардың аңшылық қаруларын бақылаумен, оларды тіркеумен, қару сатып алған тұрғындардың қоғамдық жерлердегі тәртібін қадағалаумен айналысамыз. Біз үшін басты міндет — қаруы бар азаматтар өзге адамдарға қауіп төндірмеуі үшін оларды үнемі бақылауда ұстау, — дейді полиция капитаны.

Алмат Бақыткерей Мұғалжар ауданы Жұрын ауылында туған. Қ.Жұбанов атындағы орта мектепті аяқтап, 2011 жылы Ақтөбе қаласындағы қазақ гуманитарлық-заң университеті колледжінің құқықтану мамандығына оқуға түскен. Бұл оқу орнын тәмамдаған соң 2013 жылы әскер қатарына алынған. Талдықорған қаласында №78639 КАММ әскери бөлімінде борышын өтеп, 2015 жылы Мұғалжар аудандық полиция бөліміне жұмысқа қабылданған. Содан бері жемісті еңбек етіп келеді.

— Жұмысым өзіме ұнайды. Әрине, әр саланың өз қиындығы болады. Дегенмен уақытпен санаспай еңбек етуге үйренесің. Қуаныштысы, жыл өткен сайын ауданда қылмыс саны азайып келеді. Бұл бағытта біз апта сайын рейдтік және құқықбұзушылықтың алдын алу шараларын ұйымдастырамыз. Мәселен, биыл 22 сәуірден бастап елімізде халықтан заңсыз сақталған атыс қаруларды, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу бойынша акция өткізіліп жатыр. Аудан бойынша бүгінге дейін 8 ұңғыл аңшылық қаруы тіркелді,  — дейді Алмат Бақыткерей.

Полиция капитаны ауданда қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп қана қоймай, қиын жағдайда тап болған тұрғындарды өлімнен құтқарып қалған. Осы ерлігі үшін Президенттің қолынан «Ерлігі үшін» медалін алған. Бұл туралы кейіпкеріміз былай дейді:

— Осыдан екі жылдай бұрын 102 телефонына аудан тұрғындарының бірінен көп қабатты тұрғын үйдің подъезінен өрт шығып жатқандығы туралы хабарлама келіп түсті. Әлгі хабарды естіген бойда ештеңеге қарамастан құстай ұштым. Тұрғын үйге барсам, үшінші және төртінші қабатта орналасқан пәтерлерде тұрғындар қалып қойған екен. Лезде баспалдақ арқылы өрмелеп, екі пәтерден 4 адамды төмен түсіріп алдым. Әлі есімде, құтқарып қалған адамдардың екеуі бала болса, біреуі — кейуана, тағы бірі — келіншек. Міне, осы оқыс оқиғада тұрғындарды өрттен аман алып қалғаным үшін Мемлекет басшысының қолынан «Ерлігі үшін» медалін алдым. Жалпы, мұндай оқиғалар ауданда жиі тіркеледі. Біз, тәртіп сақшылары, өз өмірімізді қатерге тіге отырып, азаматтарды өлімнен аман алып қалуға тырысамыз. Біздің осы қызметте жүргендегі миссиямыз — азаматтарды қауіп-қатерден сақтап қалу, — дейді Алмат.

Әңгіме барысында полиция капитанының осы күнге дейін республика, облыс, аудан көлемінде алған марапаттары көп екенін жеткізді. Одан түйгеніміз —  Алмат Бақыткерей өз жұмысына адал әрі еңбекқор жігіт екен. Ең бастысы, ол — қызметте сыйлы полицей,  отбасында асыл жар, ардақты әке. Бүгінде келіншегі екеуі екі ұл, бір қыз тәрбиелеп отыр.

Данагүл ҚАЗИХАН,

Мұғалжар ауданы.

ХАЛЫҚТЫҢ АЛҒЫСЫН АЛҒАН АЗАМАТ

Халықтың тыныштығын қамтамасыз ету мақсатында күні-түні қызмет ететін полицей – учаскелік полиция инспекторы. Қызметкерлердің осы санаты полиция мен халықты байланыстыратын негізгі буын болып саналады. Осындай полицейлердің бірі — Ақтөбедегі Астана аудандық №2 қалалық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы, аға лейтенант Фархат Нұрманов.

Ол бала күнінен полиция қызметкері болуды армандағанын, бұл салаға келудегі басты мақсаты елге қалтқысыз қызмет ету екенін айтады. Жас та болса өз жұмысына жауапты, ортасына сыйлы Фархат тәулік бойы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету міндетін мойнына алған.

— Туған жерім — Әйтеке би ауданы Қарабұтақ ауылы. Ақтөбе қаласындағы №42 орта мектепте білім алдым. Кейін орта мектепті аяқтаған соң Қайнар университетіне оқуға түстім. 2019 жылдан бері№2 қалалық полиция бөлімінде учаскелік инспектор болып жұмыс істеймін. Менің міндетім— адамдарға көмек көрсету, әкімшілік және қылмыстық құқықбұзушылықтардың алдын алу үшін профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Сонымен қатар учаскелік полиция инспекторының маңызды міндеттерінің бірі — халықпен тығыз байланыста болу.

Қазіргі таңда біздің бөлімнің қызметкерлері қаладағы нашақорлар мен маскүнемдерге профилактикалық шаралар жүргізуде,олар заң бұзса, әкімшілік шара қолданылады. Жалпы біз өзімізге жүктелген аумақта қандай да болмасын әкімшілік құқықбұзушылық жағдайларға жол бермеу, сондай-ақ қылмыстық істерді анықтау үшін тынымсыз жұмыс істейміз, — дейді ол.

Фархаттың айтуынша, биыл қаламызда қылмыстық істер бойынша деректербылтырғы көрсеткішке қарағанда едәуір азайған. Мұның өзі учаскелік полиция инспекторларының нәтижелі жұмысының арқасы деуге болады. Алайда соңғы жылдары өңірде интернет алаяқтықтың көбейгендігі байқалады. Кейіпкеріміздің айтуынша, қазір алаяқтарға алданып қалатындардың дені — зейнеткерлер мен әйел адамдар.

— Өкінішке қарай, қазір елімізде алаяқтық деректері көбейіп барады. Оған тосқауыл қоюымыз керек. Қазір біз осы орайда тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Сондай-ақ жастардың тәртібі мен тәрбиесіне де ерекше көңіл аударуымыз керек. Олардың жастайынан заңбұзушылыққа барып, өмірін жаман жаққа өзгертуіне жол бермеуге тиіспіз. Бұған алдымен ата-ана, одан кейін қоғам мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері жауапты, — дейді аға лейтенант.

Халықпен тіл табысу — учаскелік полиция инспекторы үшін ең басты талап. Бұл орайда Фархаттың тұрғындардан алған алғысы мен ризашылығы көп.

Д.АЙДАР.

 

ӘКЕЛІ-БАЛАЛЫ ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫ

Тәртіп сақшысы — елдің тыныштығын қадағалап, қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, қоғамдағы тұрақтылықты қалыптастыратын адам. Кейіпкерлеріміз Жалғас, Аянбек Жаулыбаевтар — жауапкершілігі мол қызметте «тәртіп сақшысы» деген атқа кір келтірмей жүрген азаматтар.

Жалғас Жаулыбаевтың бұл салаға келуі — өз таңдауы. Ол 1959 жылы Қызылбұлақ селолық округіне қарасты Жаңатаң аулында дүниеге келіп, Жем орта мектебін бітірген. Екі жыл әскер қатарында әскери борышын өтеп келгеннен кейін 1981-1983 жылдары «Қарауылкелді» совхозында жұмысшы болып жүріп, Байғанин аудандық ішкі істер бөлімінің жол полициясына қызметке ауысады. Содан бері 23 жыл осы салада үздіксіз қызмет етіп, абыроймен зейнетке шыққан.

— Полиция қызметкері болу үшін білім де, білек те, білік те керек. Сабыр мен төзім, қажыр-қайратпен қоса, шыдамдылық, тез шешім қабылдай алатын әрекеттілік, ұстамдылық керек. Адамдармен тіл табыса алу да маңызды. Тәртіп сақшысының қызмет бабында немқұрайдылық, ұқыпсыздық, білімсіздікке бой алдыруға, адами тұрғыдан қателікке жол беруге қақысы жоқ. Өйткені ол — Қазақстан Республикасының халқына құқықтық қызмет етуші тұлға. Олай болмаған жағдайда полиция қызметкерінің қоғамдағы салмағы кеміп, беделі мен абыройына нұқсан келері хақ, — дейді Жалғас Жаулыбаев.

Әңгіме барысында ол қызметте жүрген кезде басынан өткен бір оқиғасымен бөлісті.

Әлі есімде, бұл күн 1994 жылдың 7 мамыры еді. Сол күні кезекшілікте тұрған кезімізде «аудан аумағында бірнеше адам өлімі болды» деген хабарлама келіп түсті. Сол хабарлама бойынша ішкі істер бөлімінен арнайы топ жіберді. Мен де сол кездегі әкімнің көлігімен жолға шықтым. Бара жатқан жолда алдымыздан екі атты күдікті шықты. Барлық әскерилер қоршап тұрған кезінде мен ортаға шығып, күдіктілерді сөзге тартып, қолындағы қаруын тартып алып, ұстадым. Сол оқиғадан кейін аудан территориясында төрт адамды өлтірген қауіпті қылмыскерді ұстағаным үшін аудан әкімінің шешімімен маған сыйлыққа автокөлік берілген болатын, — дейді кейіпкеріміз.

Балаларының мамандық таңдауына жол көрсетіп, бағыт-бағдар беріп, ақыл-кеңесін айтып отырғанының нәтижесі болар, Жалғас Жаулыбаевтың ұлы Аянбек те осы саланы таңдаған. Әке алдағы уақытта ұлының қызметіне адал болатынына, абыроймен атқаратынына сенімі мол екенін жеткізді. Болашақта да өз балаларының мамандық таңдауына қарсылығын білдірмегеніндей, немерелерінің де таңдауын құрметтейтінін айтты. Өзінің тарапынан ақыл-кеңес пен қолдау болатынына да сендірді.

— Полиция жұмысының ауырлығы айтпаса да түсінікті. Осы қиын да қызықты қызметке жан-тәніңмен беріліп, адал атқаруда отбасыңның қолдауы өте маңызды. Менің де жұбайым әрдайым қолдау білдіріп, жұмыстың белгілі бір уақытқа негізделмегендігін жақсы түсініп, үлкен түсіністік танытты. Соның нәтижесінде отбасымызда 6 баламыз дүниеге келіп, өсіп-өнді. Бүгінде солардан 6 немере, 11 жиен сүйіп отырған жайымыз бар, — деп ағынан жарылды Жалғас Жаулыбаев.

Ал бала кезінен әкесінің қызметтік формасына қызығып өскен Аянбек мамандық таңдауда еш қателеспегенін айтады. Алғаш жұмыс өтілін облыс орталығында бастағанымен, туған жерге деген махаббат, ата-анаға деген сағыныш қызметін ауылында жалғастыруына  себеп болыпты. Бүгінде ол ауданда абыройлы еңбек етіп жүр. Әкесіне қолдау білдірген анасы сияқты Аянбектің де жары бәріне түсіністікпен қарайды.

— Полиция қызметкері жан-жақты әрі кез келген уақытта төтенше жағдайға дайын болуы керек. Жалпы бұл жұмыстың шет жағасын кішкентайымнан көріп өстім. Погон таққан жанның қандай болуы керектігін де әкемнен үйрендім десем де болады. Маған қайта жеңілдеу болған болар деп ойлаймын. Себебі алдымда үлгі алатын, ақыл айтатын, бағыт сілтейтін әкем бар. Бүгінде барынша әкемнің атына кір келтірмеуге, елге адал қызмет етуге тырысып жүрмін, — деген Аянбек болашақта өз балалары да ата мен әкенің жолын қуса қарсы болмайтынын жеткізді.

 Әйгерім ӘНУАРБЕК,

Байғанин ауданы.

 

АУЫЛ ИНСПЕКТОРЫНЫҢ ТІЛЕГІ

Oйыл aудaндық пoлиция бөлімінің жeргілікті пoлиция қызмeті бөлімшeсінің учaскeлік пoлиция инспeктoры Aслaнбeк Eсeнғaлиeвтің ішкі істeр oргaнындa қызмeт aтқaрып жүргeнінe 15 жылдaн aсқан.

Ол 1989 жылы Oйыл сeлoсындa дүниeгe кeлгeн. Aқтөбeдeгі гумaнитaрлық мультипрoфильдік кoллeджін бітіргeннeн сoң, кәсіби біліктілігін жeтілдіру мaқсaтындa Aлмaты қaлaсындaғы Қaйнaр aкaдeмиясынa oқуғa түсіп, құқықтaну мaмaндығын aлып шығaды. Сoдaн сoң 2009 жылы Aқтөбe oблыстық полиция департаменті пaтрульдік пoлиция бaтaльoнындa кіші сeржaнт бoлып aлғaш eңбeк жoлын бaстaйды.

2012 жылы өз туғaн жeрінe қызмeткe кeлeді. Мінe, сoл уaқыттaн бaстaп қызығынан қиындығы дa мoл oсы сaлaдa тынбaй қызмeт eтіп кeлeді.

— Қaзіргі уaқыттa учaскeлік пoлиция инспeктoры бoлып жұмыс істеймін. Мeнің мұндағы басты міндeтім — қoғaмдық қaуіпсіздікті қaмтaмaсыз eту. Прoфилaктикaлық eсeптe тұрғaн тұлғaлaрды, бұрын сoттaлғaндaрды үнeмі тeксeріп, oтбaсы жaғдaйын бaқылaп тұрaмын. Тұрмыстық зорлық-зомбылық тіркелген oтбaсылaрды үнeмі қaдaғaлaудa ұстaп, aлдaғы уaқыттa дәл oсындaй жaғдaйлaрдың қaйтaлaнбaуы үшін іс-шaрaлaр қaбылдaп, прoфилaктикaлық әңгімeлeр жүргізeмін. Өзімe бeкітілгeн әкімшілік aймaқ — Oйыл сeлoсындa жoл қaуіпсіздігін сaқтaудa aвтoкөлік жүргізушілeрінe түсіндірмe жұмыстaрын өткіземін. Eгeр өзімe бeкітілгeн әкімшілік aймaғымдa қылмыстық құқықбұзушылық тіркeлсe, сoл бoйыншa жұмыс жaсaп,қылмыстың ізін суытпaй aшуға барымды саламын. Қaзіргі тaңдa ауылымызда ашылмаған қылмыс жоқ.

Сoнымeн қaтaр Oйыл aудaндық пoлиция бөлімінің кeзeкші инспeктoрынaн қaндaйдa бір хaбaрлaмa кeлсe, дeрeу көмeк сұрaғaн aзaмaттaрғa қoл ұшын сoзaмын. Пoлиция қызмeткeрі — хaлықтың құқығын дa, бoстaндығын дa, aмaндығын дa қoрғaйтын жaн. Сoндықтaн біз хaлыққa қашанда жaқын әрі aшық бoлуға тырысамыз, — дeйді Aслaнбeк Eсeнғaлиeв.

Aлaштың aрдaқтысы Әлихaн Бөкeйхaнoв «Ұлтқa қызмeт eту — білімнeн eмeс, мінeздeн» дeгeн екен. Eңбeкқoр, өз ісіне жауапты, мінезді де қайратты инспектор қызметіндегі жетістіктері үшін облыс, аудан деңгейінде көптеген марапатқа ие болған. Сондай-ақ облыстық пoлиция дeпaртaмeнті басшылығы тарапынан да бірнеше рет Алғыс хат алған.

Eл тыныштығының сaқшысы, тәуліктің кeз кeлгeн уaқытындa aдaл қызмeт eтугe сeрт бeргeн пoлиция қызмeткeрі Aслaнбeк oтбaсындa келіншегі Aрaйлыммeн біргe бір ұл, үш қыз тәрбиeлeп oтыр. Ауыл тұрғындарымен үнемі байланыста отыратын учaскeлік пoлиция инспeктoры қай кезде де тұрғындарға көмектесуге әзір. Сондай-ақ ол әріптeстeрі aрaсындa сыйлы.

— Осынау мерекеде барша әріптeстeрімді кәсіби мeрeкeлeрімен құттықтаймын. Әрдaйым aнтымызғa aдaл бoлып, мeмлeкeт пeн хaлыққa aянбaй қызмeт eтe бeрейік! — деп түйіндеді әңгімесін ол.

 Гaухaр AЛEКСEEВA,

Oйыл ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button