Жаңалықтар

Абзал Әбдікәрімов қытайлық компания жұмысымен танысты

Облыс әкімінің орынбасары Абзал Әбдікәрімов өңірдегі ірі кәсіпорындардың бірі «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ компаниясының бас директоры Ли Шуфэнмен кездесті.

Кездесу барысында мұнай мен газ өндірудің онлайн режимдегі бақылау әдісі, өндірістің нақты көрсеткіштері мен жыл қорытындысы бойынша оң көрсеткіштерге қол жеткізу және ішкі нарыққа мұнайды тасымалдау көлемі бойынша мәселелер талқыланды. Өзекті сұрақтарды бірлесе шешу мәселелері алдағы күн тәртібіне енгізілді.
 
Қазіргі уақытта компания кіріскен серпінді жобалардың бірі – Жаңажол мұнай-газ өңдеу кешенінің ГӨЗ-3 бірінші, екінші және үшінші кезектері. Жоба мұнай мен газды дайындаудағы заманауи технологиялардың ең жоғары стандарттарына жауап береді.

Бүгінгі күні «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ қарасты нысандарында 6 мыңнан астам адам жұмыс істейді.

А.ІЛИЯС.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button