Мереке

Ақ халатты жандарға алғыс айтылды

Қарауылкелді селосындағы«Тәуелсіздік»саябағында Медицина қызметкерлері күні салтанатты түрде атап өтілді.

Ақ халатты абзал жандардың ел алдындағы адалдық, отансүйгіштік қасиеттерінің арқасында әр адамның өмірі үшін аянбай қызмет етіп, еліміздің медицина саласының тұрақты дамуына, дені сау ұлт қалыптастыруға қосқан елеулі үлесі, сіңірген қажырлы еңбектері үшін алғысын білдіре отырып, аудан әкімі Айбек Көпенов дәрігерлерге облыс әкімінің, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысыныңжәне аудан әкімінің Алғыс хаттарын табыстады.

Аудандық орталық аурухана және Ебейті ауылының дәрігерлік амбулаториясына жедел жәрдем көлігінің кілттері табысталды.

Сонымен қатараудан әкімі көп жылдар бойы халыққа қызмет еткен ардагер дәрігер Шекернай Ізтілеуовке «Байғанин ауданының құрметті азаматы» атағын тапсырды. Мерекелік әндер шырқалып, ардагер дәрігерлердің ыстық лебіздері тыңдалып, жарасымды жүздесу жанды жалғасын тапты.

 Нұрберген ЖАҢАЛЫҚОВ,

Байғанин ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button