Жаңалықтар

Келісімшартқа қол қойды

Фармацевтика

М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінде фармакологияны дамытуға арналған халықаралық келісім  жасалды.

Аталған оқу орны менТәжікстан мемлекеттінің Шираз медицина ғылымдарының университеті, Әбуәли Ибни Сино атындағы Тәжік мемлекеттік медицина университеті,Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті және Ақтөбе медициналық орталығы фармация және фармакологияның ғылыми білім беру беру кластерін құру туралы келісімшартқа қол қойды. Мақсат — фармация және медицина саласындағы консорциум мүшелерінің ғылыми білім беру және технологиялық әлеуетін біріктіруге негізделген инновациялық жобаларды әзірлеу және енгізу, фармацевтика өнеркәсібі үшін білікті кадрларды даярлаудың заманауи жүйесін қамтамасыз етуге қабілетті құрылымды қалыптастыру.

Іс-шарада М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті ректорының міндетін атқарушы Надияр Мусин фармацевтика саласындағы келісімнің маңызы зор екенін ерекше атап өтіп, алғысын білдірді. Сондай-ақ универсиет ғалымдары зерттеу жұмыстары туралы ой бөлісті.

Кластердің мақсаты — отандық препараттарды дәрілік өсімдіктерден дайындау және оны ғылыми зерттеу, қолданысқа енгізу. Сондықтан келісімнің маңызы зор болмақ.  Қазіргі таңда мыңжапырақ өсімдігіне химиялық, фармакологиялық зерттеу жүргізіп жатырмыз, — деді М.Оспанов атындағы БҚМУ фармакология, клиникалық фармакология кафедрасының доцентіЖансұлу Нұрғалиева.

Жиын барысында оқу орындарының өкілдері өз ойларын ортаға салып, атқарылатын шаруалар туралы айтты.

Кәмшат ҚОПАЕВА.  

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button