Жаңалықтар

17 кәсіпкер су тасқыны кезеңінде ӘМАТ бағасын негізсіз көтергені үшін жауапкершілікке тартылды

Су тасқыны кезінде бүкіл өңір бойынша мониторингтік топтардың жұмысы күшейтілді. Рейдтік іс-шаралармен ірі сауда объектілері мен үй маңындағы дүкендер қамтылды. Бұдан басқа, бағаның алыпсатарлық өсуін болдырмау үшін сауда үстемесінің асып кету фактілерін болдырмау үшін азық-түлік тауарларына баға белгілеудің барлық тізбегі бойынша делдалдық схемаларды тергеу жөніндегі комиссияның жұмысы күшейтілді.

«Жүргізілген мониторинг барысында кәсіпкерлер осал жағдайды пайдаланып, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын көтерген фактілер анықталды. Бұл кәсіпкерлік субъектілеріне ескертулер мен айыппұлдар түрінде әкімшілік жазалар қабылданды. Бүгінгі таңда 204-бап, 4-тармақ бойынша  «ӘМАТ-қа сауда үстемесінің асып кетуі» бойынша 17 сауда субъектісі тартылып, оның ішінде 2 субъект ТЖ режимі жарияланған аудандарда болғаны анықталды. Бұдан басқа, аудандардағы тағы 4 дүкен иесіне қатысты әкімшілік істер қаралуда», – деді облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы Алмас Салықбаев.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, су тасқыны кезеңінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу жұмыстары – жіті бақылауда.

Айта кетейік, облыс тұрғындары үшін «Жедел желі» ұйымдастырылған. Бұнда ӘМАТ бағасының көтерілу фактілері туралы хабарлауға болады. Тұрғындар сауда үстемесі 15% – тен асқан жағдайда, Ақтөбе қаласының кәсіпкерлік бөліміне немесе Ақтөбе облысының сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне хабарлауға болады.

Д.АЙДАР.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button