Су тасқыны

Мәселелерді талқылады, пункттерді аралады

Қоғамдық штаб

Өңірімізде құрылған қоғамдық штабсу тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға жан-жақты қолдау көрсетіп жатыр.

Amanat партиясы облыстық филиалы ғимаратында өткен отырыста қоғамдық штабтың төрағасы Гүлқасима Сүйінтаева бастаған топ гуманитарлық көмек беруді жүйелендіру, су тасқынынан зардап шеккен азаматтардың өтемақы алуда туындаған мәселелерін шешу жолдарын талқылады.
Штаб мүшелерінің айтуынша, қазір үйін жалға беруші мен жалға алушының арасында заңды келісімшарттың болмауына байланысты біраз мәселелер туындап отыр. Сондай-ақ суға кеткен үйлерінің құжаттарын қалпына келтіре алмай жүргендер бар. Отырыста осындай мәселелерді шешу жолдары қарастырылды.
Облыстық мәслихат төрағасы Гүлқасима Сүйінтаева гуманитарлық көмекті жүйелендіруге көңіл бөлді. Көмек «Анаға тағзым» орталығына жиналып, белгілі бір тәртіппен теңдей бөлініп берілуге тиіс.
Партияның облыстық филиалының төрағасы Ербол Данағұлов орталық тұрғындарына жан-жақты жағдай жасалынуын мұқият қадағалауды тапсырды.
— Тасқын судан зардап шеккен тұрғындарға барлық жағдайды жасау керек. Мемлекеттен қаражат қарастырылып жатыр. Орталықтың ішкі тазалығы, азық-түлік қауіпсіздігі, тұрғындардың өтемақыға, құжаттарына қатысты мәселелері үнемі назарымызда болуға тиіс. Осындай қиын уақытта тұрғындар мәселесіне салғырт қарауға болмайды,— деді ол.
Басқосуда қоғамдық штаб мүшелері эвакуациялық пункттерге орналастырылған тұрғындарды ыстық тағаммен қамтамасыз етудегі мәселелерді де талқылады. Бүгінде эвакуациялық пункттердегі азық-түлік қауіпсіздігін облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мамандары бақылап отыр. Орталықтардағы тұрғындарды ыстық тағаммен қамтамасыз етуге 7 кәсіпкер тартылған. Жиында оларға ас мәзірін бекітілген тамақтану нормативіне сәйкес қайта қарау тапсырылды. Ал санитарлық нормаларға сай келмейтін жеке кәсіпкерлермен жасалған келісімшарттар бұзылып, басқа жеткізушілермен қайта келісімшарт жасалатын болды.
Жиында ас мәзіріне қатысты кәсіпкерлерге нақты талаптар қойылып, ұсыныстар берілді. Облыстық мәслихат төрағасы Гүлқасима Сүйінтаева тағамның сапасы, әр алуандығы және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі үнемі назарда болатынын айтты.
— Өздеріңіз барып, тұрғындардың пікірін біліп отыруларыңыз керек. Ол жерде қариялар, балалар бар. Сондықтан тағамның сапасына назар аударыңыздар, — деді штаб төрағасы.

Бұдан бөлек штаб мүшелері сенбі-жексенбі күндері бірқатар эвакуациялық пункттерді аралап шықты. Алдымен Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технология колледжінің жатақханасына барып, тұрғындармен кездесті, олардың жағдайларын біліп, қажеттіліктерін сұрады.

Бұл пунктте тұрғындарға барлық жағдай жасалған. Уақытымен ас беріледі, тоңазытқыш, кір жуғыш машина, басқа да тұрмысқа қажетті заттармен қамтылған. Осы пунктке бекітілген облыстық мәслихат депутаты Бижан Қалмағанбетовтің айтуынша, мұнда 33 отбасы тұрып жатыр.

Бұлжердеқазір 147 адам бар. Тұрғындарөздерінекөрсетілгенқолдауға риза. Шағымайтыпжатқандарыжоқ. «Анағатағзым» орталығынангуманитарлықкөмекәкеліп, тұрғындарғаазық-түлік, киім-кешек, қажеттізаттарүлестірдік,— дейдіол.

Облыстық штаб төрағасыГүлқасимаСүйінтаева мен «Атамекен»өңірліккәсіпкерлерпалатасының директоры ДидарБоранқұловаталғанпункттетұрыпжатқантұрғындармен тілдесіп, оларға біржолғыөтемақыныңберілуі, суғакеткенүйлерге дер кезіндетексерушікомиссиялардыңбаруы, қариялар мен балаларғақажетті медициналықкөмектіңкөрсетілуі, т.б. мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Сондай-ақ штаб мүшелері «Ас-Сәлем» қайырымдылық мекемесінде болып, мұнда тұрып жатқан отбасылардың жағдайын білді.

Осы пунктке бекітілген депутат Шахан Жолдасбаевтың айтуынша, қазір бұл мекемеде 6 отбасы, жалпы саны 40-қа жуық адам тұрып жатыр. Олардың дені — көпбалалы және қария бағып отырған отбасылар. Балалары жақын маңдағы мектепке барып, оқып жүр.

Бұл жерде отбасыларға асханада уақытымен ас беріледі. Күнделікті тұрмысқа қажетті кір жуатын машина, тоңазытқыш, үтік, басқа да заттар бар. Қажеттілігіне қарай гуманитарлық көмек те көрсетіліп жатыр.Тұрғындарда осындай жағдайда түсіністік танытып, бір-біріне қолдау көрсетуде, — дейді ол.

Белгілі болғандай, бұл пунктте тұрып жатқандардың арасында жалдаған үйлері суға кеткен отбасылар бар екен. Олар бірреттік өтемақы алмағанын айтады. Себебі суға кеткен үйге берілетін өтемақыны пәтер иесі алып алған. Қазір осы мәселемен құқық қорғау органдары айналысып жатыр.

Айта кету керек, бүгінде Ақтөбе қаласында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар 7 эвакуациялық пунктте тұрып жатыр.

Д.АЙДАР.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button