Су тасқыны

Эвакуациялық пункттердегі азаматтарға кеңес берілді

Кеңес

Халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары Ақтөбе қаласының эвакуациялық пункттердегі азаматтарға құжаттар бойынша кеңес берді. Зардап шеккен тұрғындардың құжаттарының жарамдылығы қаралды.

Су тасқыны кезінде негізгі мәселенің бірі — құжаттардың түгел болмауы немесе жарамсыз болып қалуы. Біржолғы көмек алуға және үйдің жағдайын анықтайтын комиссияға ұсынатын құжаттарды түгендеу де өзекті болып отыр.

Жоғарыда аталған қызметкерлер көпшіліктің үй құжаттарының түгел еместігін анықтады. Мысалы, үйдің тіркеу куәлігі бар, бірақ тұрғын үй құқығы тіркелмеген, жер учаскелері жаңа иелерінің атына жазылмаған,жер учаскелері жеке тұрғын үй мәртебесіне аударылмаған.

Негізгі құжаттардың бірі — жеке куәлігін жоғалтқандар да аз емес. Онсыз адамның медициналық көмек алуда, әлеуметтік қорғау органдарымен байланысуда немесе жұмыс табуда қиындықтарға тап болатыны белгілі.

—  7 пунктте 70-ке жуық адамға кеңес берілді. Артынша жақын маңдағы халыққа қызмет көрсету орталықтарының мекенжайы айтылды.

Комиссия құрамына ұсыну үшін берілетін құжатты — жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтарды) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтаманы халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы немесе онлайн режимде алуға да болады. Осы сәтті пайдаланып, мемлекеттік корпорацияның Ақтөбедегі филиалы жеке және жылжымайтын мүлік құжаттарын жарамдылық мерзімін тексеріп, қажет болғанда жаңарту керектігін еске салады, — дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Ақтөбе филиалы фронт офистерді үйлестіру басқармасының бас сарапшысы Гүлбағым Баймағамбетова.

Айбек СЕРІКҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button