Жаңалықтар

20 тонна қоқыс жинады

Сенбілік

Сенбіде облыс аумағындағы меншік нысанына қарамастан, көптеген мекеме ұжымдары сенбілікке шықты.

Бұл күні облыс басшысы Асхат Шахаров Ақтөбе су қоймасының аумағын қоқыстан тазартқан Әлия Молдағұлова атындағы халықаралық әуежай қызметкерлерімен бірге болды. Тазалық шараларына қатысқан 60 қызметкер бұған дейінгі аптада әуежай маңын тазалаған. Ал сенбіде су қоймасы аумағынан 20 тонна қоқыс жинады.

Сенбілік аясында қаламыздағы ескерткіштердің де алаңдарына тазалық шаралары жүргізілді.
Соңғы жылдары Ақтөбеде қоғамдық ұйымдардың өтінішімен көптеген ескерткіштер бой көтерді. Соның бірі — әлем әйгілі ер Едігенің ескерткіші.

Аталған ескерткіш маңына Ер Едіге қоғамдық қорының мүшелері, қолдаушы студенттер, ардагерлер, орта буын өкілдері, Ер Едіге жыр мектебінің оқытушылары мен оқушылары, депутаттар, қоғамдық кеңес мүшелері жиналып, сенбілікке қатысты.

— Біздің ісімізді қолдап, барлық ескерткішті, қоғамдық ұйымдар өз қамқорлықтарына алады ғой деп есептейміз. Келесі сенбідегі көк желек акциясына бәріңізді қатысуға шақырамыз, — дейді қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ахат Мырзалин.
Ақтөбеліктер екі айлық аясында айналаны тазалап қана қоймай, тал-терек егіп, көгалдандыруға да атсалысады.

Айнұр ІЛИЯСҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button