Су тасқыны

Тасқыннан кейінгі сақтық

Брифинг

Ел арасында су тасқыныныңсанитарлықэпидемиологиялық жағдайға, адам денсаулығына әсері туралы алыпқашпа әңгімелер көп. Құзырлы орган өкілдері осы мәселе бойынша жауап беріп, сондай-ақ зардап шеккендерге қандай көмек көрсетіліп жатқаны турасында айтты.

Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Райхан Қойшанованың айтуынша, төтенше жағдай жарияланған Ақтөбе қаласы және облыстың 6 ауданындағы эвакуациялық пункттегі ауызсу мен тамаққа тұрақты түрде мониторинг жүргізіліп отыр. Өңірдегі мұндай уақытша қоныстың саны — 14. Сонда орналасқан жұртшылықтың арасында ЖРВИ, жіті ішек инфекциясы, А вирустық гепатитіаурулары тіркелген жоқ.

Ауызсудың санитарлық-эпидемиологиялық мониторингі күшейтілді. Су тасқыны басталғаннан бері ауызсудың 1326 сынамасы алынды. Соның ішінде 5 сынамадан гигиеналық нормаларға сәйкессіздік анықталды. Бірден су құбырын жуу, залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді.

Жалпы, облыс бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты.

Ақтөбе облысының аумағында сібір жарасы бойынша 106 стационарлық-қолайсыз пункт орналасқан, онда ауыл шаруашылығы жануарларының122 көмілген орны бар.Жыл сайын мал дәрігерлерімен бірлесіп, зерттеулер үшін топырақ сынамалары алынып, сібір жарасының топырақ ошақтарының жай-күйіне мониторинг жүргізіледі. Өткен жылы 968 топырақ сынамасы зерттелді, сібір жарасының споралары бар бактериялар анықталған жоқ.           

Бүгінгі таңда 3 сібір жарасы бар жерлеу орнын (Әйтеке би ауданы Жабасақ ауылдық округінің аумағында, Мәртөк ауданы Сарыжар ауылдық округінің аумағында, Темір ауданы Қайыңды ауылдық округінің аумағында) су басқан. Су кеткеннен кейін зерттеу үшін топырақ сынамалары алынады.Өткен жылдан осы уақытқа дейінадамдар арасында сібір жарасының тіркелмегенін атап өткім келеді, — деді ол.

Аса қауіпті инфекциялар тобына жататын аталған жұқпалы ауруға қарсы қолға алынған істер айтылды.

— Тек сібір жарасына қатысты емес, өз денсаулығыңызды сақтау үшін дүкендерде және базарларда ет сатып алғанда ветеринарлық анықтаманы немесе сертификатты талап етіп, кездейсоқ адамдардан термиялық өңдеуден өтпеген өнім сатып алудан аулақ болыңыз. Ең бастысы, жеке гигиенаның қарапайым ережелерін ұстануды ұмытпаңыз, — деді облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Райхан Қойшанова.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында «Су басу орындарында ұңғымалар мен құдықтардан, колонкалардан суды міндетті түрде қайнату керек пе?» деген сұрақ қойылды. Оған спикер міндетті түрде суды қайнату қажеттігін, лажы болса бөтелкедегі суды ішуді ұсынатынын айтты.

Ал облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Ақзер Сүлейменова қазіргі таңда эвакуациялық пункттерде 1683 ақтөбеліктің барын, оның 777-сі — бала, 16-сы жүкті әйел екенін тілге тиек етті.Оларға 21 дәрігер, 13 психолог және 24 медбике күнделікті медициналық көмек көрсетіп жатқан көрінеді.

— Су тасқыны болған жерлерде 88 жүкті әйел босанып, 88 бала дүниеге келді.

Облыс бойынша барлығы 327 инфекциялық кереует болса, оның  107-сі ересектерге, 220-сы балаларға арналған. Қосымша 50 кереует орналастыруға мүмкіндік бар.

Су тасқынынан зардап шеккен отбасылардың 250 баласы Алматы, Ақмола, Түркістан, Жамбыл, Қарағанды облыстарындағы сауықтыру орталықтарына жіберіліп жатыр. Оңалту курсы 10-14 күнге созылады.

Облыстық қоймадан медициналық мекемелерге вирусты А гепатитіне қарсы 3046 доза таратылды, 30 мыңнан аса доза күтілуде.Іш сүзегіне қарсы 410 дозатаратылып, тағы 2 мың доза енді келеді. Сол сияқты сібір жарасына қарсы 540 доза таратылып, 800 доза таяуда жеткізілмек, — деді Ақзер Сүлейменова.

Мұнымен бірге облыстық ветеринария басқармасының бөлім басшылары Шахидолла Рахымов пен Күлсара Жақыпова өз саласы бойынша атқарылып жатқан шаруаларға тоқталып, су тасқынынан өлген малдың тәртіп бойынша көмілуі бақылауда екенін баян етті.

Айбек СЕРІКҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button